«Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі Шортанды кентінің №3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная школа №3 поселка Шортанды отдела образования по Шортандинскому району управления образования Акмолинской области»

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Поздравление!

         Асылы, адам – өз өмірінің суретшісі. Ол өмірді сырлап бояуға, оған ажар, түр беруге, оны әшекейлеп, өрнектеуге еңбек етеді екен. Иә, дәл осылайша өз өмірін тамаша әрлеген жандардың бірі ол – Кабиева Жұмакүл  Досановна. Шортанды № 3 қазақ орта мектебінің ұлағатты ұстазы бүгінгі күні ардагер ұстаз мәртебесіне де қол жеткізуде. Білім  саласына өз өмірінің 36 жылын арнап, шәкірт жүрегінен жол тапқан аяулы әрі абыройлы ұстаз.

         Кабиева Жұмакүл Досановна- білім саласында өзінің білімімен қатар қайратты да қайсар мінезімен, әрқашан әділдікті ту еткен адал көркем мінезімен әріптестеріне де үлгі болған дара жан. «Еңбек – өміріңді көркем етеді» – дегендей  өз еңбегінің нәтижесінде бүгінгі күні талай белестерді бағындырып, жеңіске қол жеткізіп, жемісін жеп отырған адам.  Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Атап айтар болсақ:

        Талай шәкірттері физика пәнінен ұлттық бірыңғай тестілеуден жоғарыұпай жинап, грант иегерлері атанды жәнеаудандық, облыстық, республикалық деңгейлердегі олимпиадаларға қатысып, жүлделі орындарға ие бола білген.

         Еткен еңбегі еленіп, Жұмакүл апайымыз «Ыбырай Алтынсарин» атындағы төсбелгі және Шортанды ауданының 80 жылдық мерейтойына орай  «Шортанды ауданының 80 жылдық» төсбелгісімен, Білім және ғылым министрінің «Құрмет грамотасымен» марапатталған.

         Қазіргі таңда заманауи әдістемені жете меңгеріп, ізбасар жас мамандарға жол сілтеп келе жатқан абзал ұстаз. 

         Жұмакүл Досановна- тек ғана ұлағатты ұстаз ғана емес  аяулы жар , 2 ұл тәрбиелеп өсірген ардақты ана, ақылды ене, 7  немере сүйген бақытты әже,  ағайын–туыстың ақылшысы, отбасының ұйтқысы мен берекесі, қамқоршысы бола білген  асылжанды адам.

         Жуырда ғана зейнет жасына жеткен Жұмакүл апаймызды, қуанышты күніңізбен шын жүректен ұжым атынан құттықтап, еңбектің зейнетін көріп, ауырмай-сырқамай немере, шөберенің ортасында «Аяулы әже» деген атты иеленіп жүре беруіңізге тілектеспіз.

Жаңартылған күні: 11.02.2020 09:50
Құрылған күні: 25.02.2020 14:52

Текст