«Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі Шортанды кентінің №3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная школа №3 поселка Шортанды отдела образования по Шортандинскому району управления образования Акмолинской области»

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Тәрбие сағаты

Тақырыбы: «Терроризм және оның зардаптары»
Мақсаты: 

А) Оқушыларға терроризм туралы терең түсінік беру, оның түрлері, себептері мен

зардаптарын ұғындыру;
Ә) Жасөспірімге қоғамның әлеуметтік, құқықтық, діни сипаттарын ұғындыра отырып,

оларды террорлық, лаңкестік және діни экстремистік бағытта арандатуға жол

бермеу;
Б) Жасөспірімдерге бейбітшіліктің маңызын және мейірімділік пен ізгіліктің,

адамдарға жақсылық жасай білудің өмірдегі басты ұстанымы екенін ұғындыру.
Өтілу түрі: ойталқы, пікірталас.
Көрнекілігі: Компьютер, видеопроектор, бейнефильм, слайдтар.
Тәрбие сағатының жүрісі:

Мұғалім сөзі:
- Терроризм не екендігі туралы біздің заманымызда айтылған сөз көп. Бұл сөздің

анықтамасы адамдар мен қоғамға байланысты әртүрлі болады. Мысалы, көптеген

тұлғалардың анықтамасы бойынша «терроризм» сөзі өзінің ұғымында джихадты,

муджахидтарды, шариғат елдерінде жаза қолдануды қамтиды. «Терроризм» – араб

тілінде «ирхаб» сөзімен аталады, мағынасы – «қорқыту». Тероризм мен діни

экстремизм адамзат баласына қауіп пен қатер төндіретін ұйымдар. Олар өз

мүдделерін жүзеге асыру үшін небір озбыр әрекеттерге барады. Билік пен байлыққа

қол жеткізу үшін ештеңеден тайсалмайды. Билікті орнынан кетіріп, дінді сылтау

етіп, адамдар өміріне қауіп ұялатады. Қоғам арасында алауыздықты тудырып,

тыныштықты бұзады. Ендеше біз бүгінгі тақырыбымызда «терроризм» ұғымы туралы

кеңінен түсінік алатын боламыз.

І. Ой қозғау.
- Оқушылар, «терроризм» деген сөзді айтқанда ең бірінші ойларыңа не келеді?

Ассоциация ТЕРРОРИЗМ
ІІ. Мағынаны тану.
1. Терроризм - [ лат. terror - қорқыныш, үрей] - саяси мақсатты сылтауратып күш

қолдану; ұғым XVIII соңында ұлы француз төңкерісі кезінде якобиндықтар

жүргізген репрессиялық саясатты атауда қолданылды.
Террористік іс - әрекеттер тек ер адамдарға қатысты ма?
- Террористік іс - әрекетке тек ер адамдар емес, әйел адамдар да барады.

Қазіргі кезде жанкешті - мерген әйел адамдардың көбеюі байқалады.

Террористік әрекеттердің нәтижесінде мемлекеттік бюджетке айтарлықтай материалдық

зиян келтіріледі. Жарылғыш заттар қойылғандығы туралы жалған ақпараттар бойынша

ішкі істер, ұлттық қауіпсіздік органдарының арнайы қызметтері, төтенше жағдайлар

жөніндегі министрліктің құтқару бөлімшелері, жедел медициналық жәрдем

бригадалары бір мезгілде дабылмен көтеріледі. Олар «террористің» нұсқаған

жерінде бірнеше сағат бойы жұмыс істейді. «Жарылғыш заттар қойылған» нысандарда

өндірістік қызметтер немесе оқу процестері тоқтатылады, ұшақтардың ұшып-қонуы

және пойыздарды жөнелту кестелері бұзылады, қоғамдық қауіпсіздік зардап шегеді,

әдетте аталған ғимарат «толықтай залалсыз» деп табылғанша ондағы қызметкерлер,

жұмысшылар, тұрғындар немесе оқушылар әбігерге түсіп, уақытша қауіпсіз жерге

эвакуацияланады. Бірақ көптеген жағдайларда мұндай ақпараттар расталмайды.

Бірақ жалған ақпарат таратып, дүйім жұртты әбігерге салатын террористердің

артынан анықталып, қатаң жазаланатынын көпшілік біле бермейді.

Ең көп тараған «теле­фондық терроризм» нысан­да­рына –

вокзалдар, әуежайлар және көлік бекеттері (37,2%), де­малыс және ойын-сауық

орын­дары (24,8%), әкімшілік ғимараттар (18,6%), оқу орын­дары (16%), тұрғын үй­лер

(15,1%) жатады. Сарап­тама көрсеткендей «жалған террористердің» көбі ер адамдар болып табылады. Сондай-ақ кәмелетке тол­мағандар, әсіресе, мектеп оқу­шылары мен студенттер кө­бі­несе

қойылған «бомбалар» туралы жалған хабарлама бере отырып, «қалжыңдауды» әдет­ке

айналдыруда. Бірақ бұл қалжыңның арты насырға шабатынын біле бермейді.

Адамдарды қылмысқа итермелейтін белгілі бір себептер болады.  Мәселен, сабақ оқығысы келмейтін оқушылар, жұмыс істегісі келмейтіндер, бұзақылық пиғылмен кек алғысы келетіндер осындай

әрекеттерге барады. Сондай-ақ көреалмаушылық, қызғаныш немесе психикалық

күйзелістер де себеп болуы мүмкін.

Терроризмге қарсы күрес туралы

Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шiлдедегi № 416-I Заңы

         Осы Заң Қазақстан Республикасында терроризмге қарсы күрестiң құқықтық және ұйымдастырушылық негiздерiн, мемлекеттiк органдардың және меншiк нысандарына қарамастан ұйымдардың қызмет тәртiбiн, сондай-ақ азаматтардың терроризмге қарсы күрестi жүзеге асыруға байланысты құқықтарын, мiндеттерi мен кепiлдiктерiн белгiлейдi.

•     Телефон қоңырауынан қауіп төнгендегі іс-әрекеттер: 

•     1.Түскен хабарламаны құқық қорғау мекемесіне  жеткізу керек.

•     2.Сөздерді толық қатесіз есте сақтап қалу немесе оны қағазға жазып алу керек.

•     3.Хабарлаған адамның ( ер,әйел) айтылған сөзін, дауысының мәнерін , (ашық, төмен тағы басқа) кекештігін толық есте сақтау

•     4.Сөйлескен кезде мынандай сұрақтарға жауап алуға тырыс: -қайда,кімге қоңырау шалу - қайда, қалай байланысу

•      5.Қоңыраудың қай уақытта шалынғанын есте сақтау.

•     6.Байланыс кезінде қандай дауыстар болғанын (дауыстың көлікте,поезда тағы басқа) анықтап қалуға тырыс.

  Қорытынды: Сонымен біз қателіктерімізді жөндеу арқылы бейбітшілік өмірге қол жеткізу, ізгілікке, адамзатты  мейірімділікке, жақсылық жасауға  шақыра  отырып, тәрбие  сағатымызды аяқтаймыз.

 

Жаңартылған күні: 26.05.2023 09:27
Құрылған күні: 26.05.2023 09:27

Текст