«Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі Шортанды кентінің №3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная школа №3 поселка Шортанды отдела образования по Шортандинскому району управления образования Акмолинской области»

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ыстық тамақтану

Мектептегі ыстық тамақ

 

2022-2023 оқу жылында аз қамтылған және көпбалалы жанұя оқушыларының ыстық тамақпен қамтамасыз етілуі «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 13 желтоқсандағы №684 бұйрығының 4 - қосымшасына сәйкес «Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын басшылыққа ала отырып: мектебімізде әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасы балаларына, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсы қалған балаларға, көп балалы отбасынан шыққан балалар үшін білім алу кезеңінде, жыл сайын тегін ыстық тамақпен  қамтамасыз етуге, тегін лагерлерде демалуға, жалпы оқу қорынан киімдермен қамтамасыз ету құқығына ие. 1 қыркүйектен бастап барлық оқушылардың тамақпен қамтылуына басты назар аударып, яғни 1 сынып, 2-4сынып, 5-11сынып оқушыларына тегін тамақтанатын көп балалы жанұялардан, аз қамтылған және ата-ана қамқорынсыз  (жетім) қалған оқушыларға әлеуметтік көмек көрсетіліп оқушылар толық ыстық тамақ ішуіне жетік көңіл бөлінеді. Ыстық тамақты ұйымдастыру тікелей жауап беретін әлеуметтік педагог Мұрат Замираға жүктелген. Мектепте тамақтану мәселесімен айналысатын жеке кәсіпкер Сайлау Еркегүл.

Тамақтарды тасымалдау, даярлау кезінде белгіленген санитарлық – гигиеналық талаптарды сақтауға  асхана меңгерушісі,  бас аспазшы Бахат Айбатгүл жауап береді. Тағам саласындағы жұмыскерлермен санитарлық сауаттылық пен жеке бастың гигиенасын сақтау туралы жұмысты үнемі жүргізіп, бақылау жасайтын мектеп медбикесі А. Жанибек. Бүгінгі таңда мектеп асханасы 136 оқушыны ыстық және тегін  тамақпен қамтып отыр, оның ішінде 4 – оқушы жетім балалар, 27 оқушы аз қамтылған, 105 оқушы көп балалы отбасынан

           

Жаңартылған күні: 15.02.2023 10:44
Құрылған күні: 15.02.2023 10:45

Текст