«Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі Шортанды кентінің №3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная школа №3 поселка Шортанды отдела образования по Шортандинскому району управления образования Акмолинской области»

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Асхана

    «Ақмола облысы білім басқармасы  Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі Шортанды кентінің №3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ бойынша  2023 – 2024 оқу жылынан бастап 1-4 сынып оқушылары, барлығы 192 оқушы тегін тамақпен қамтамасыз етілген және  мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, қамқоршылық отбасыларында тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға және өзге де санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілер есебінен 5-11сынып оқушылары  бойынша жалпы 98 оқушы тегін тамақпен қамтамасыз етілген. Оның ішінде ,  4 оқушы  жетім балалар, 14 оқушы аз қамтылған отбасынан, 81 оқушы көп балалы  отбасының балалары қамтылған. Мектепте екі бракераж журналы жүргізіледі: шикі өнім бракеражы және дайын өнім бракеражы. Бұдан басқа комиссия мүшесі директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары мен әлеуметтік педагог, мед қызметкер,   тамақтандыру кәсіпорны мен мектеп асханасы арасындағы белсенді байланыста. Күнделікті оқушылардың тамақтануы барысындағы  санитария мен гигиенаның барлық нормаларын орындай отырып оқушыларды тамақтануға қойылатын талаптарды сақтауға үйретіп, асхана мәдениетін сақтауға және асты құрметтеуге баулып отырады.

 2023 – 2024 оқу жылында Шортанды кентінің №3 жалпы орта білім беретін мектебінде оқушылардың уақытылы және сапалы тамақтандырылу мәселелерінің шешімін табу үшін оқушылардың тамақтану сапасын және ұйымдастырылуын бақылау комиссиясы құрылған. Бракераж комиссиясының құрамы мектеп директорының бұйрығымен бекітілген.                                            Комиссия құрамына келесі өкілдері:

  1. Анесий А - Мектеп директоры:
  2.  Тохтамурат Е  - Тәрбие ісінің меңгерушісі:
  3.  Аятхан Бейнегүл: - Қамқоршылық кеңесінің төрйымы   
  4. Мұрат Замира  -  Әлеуметтік педагог
  5. Хамитбекова А.С - Психолог:                                                        
  6. Арықбаева Б – аспазшы
  7. Рахметхан К – мед қызметкер

Асхананың жағдайы мен дайындалған тағамдар мен сусындардың сапасын техникалық құрылғылардың жағдайын СанПИН нормаларына сәйкес тексеру жұмыстары ата – аналар комитетінің және оқушылардың тамақтануын ұйымдастыру мен оның сапасын бақылау комиссия мүшелерінің бақылаумен жүзеге асырылады. Оқушыларды тамақтандыру белгіленген кестеге сәйкес жүргізіледі. Барлық сынып жетекшілер біріккен тәртіп бойынша оқушыларды асханаға алып барады және тамақтану кезіндегі оқушылардың тәртібін қадағалайды.  Асханада ауыз су режимі ұйымдастырылған, оның тазалығы үнемі тексеріліп тұрады. Асханаға кіреберісте оқушылардың қолын жууға арналған арнайы орын бар. Сонымен қатар асхана қызметкерлерімен тығыз және жақсы қарым қатынас орнаған, асханада үй жағдайындай жайлылық пен жылуды сезінуге болады. Осылардың барлығы оқушылардың сапалы тамақтануына қолайлы деп білеміз. 

 

Жаңартылған күні: 12.11.2023 17:31
Құрылған күні: 19.08.2024 22:58

Текст