"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ШОРТАНДЫ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ ШОРТАНДЫ КЕНТІНІҢ № 3 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ    
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА № 3 ПОСЕЛКА ШОРТАНДЫ ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО ШОРТАНДИНСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жыл қорытындысы

08.01.2024
«Ақмола облысы білім басқарамасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі Шортанды кентінің №3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-ң 2023 жылдағы оқу-тәрбие жұмысының cараптамасы
Тәуелсіз елдің негізгі тірегі-білімді ұрпақ. Қазіргі таңда білімдінің алда түсіп, бәйгеден озып келетін заманы туды. Қазақстан Республикасының білім беру реформаларының негізгі мақсаты- білім беру жүйесін жаңа экономикалық ортаға бейімдеу. Болашақта өркениетті, білімді елдің қатарына кіру үшін заман талабына сай білім мен білігіміз, жетістік қажет. Біз де осы үдеден шығу үшін қолда бар барлық мүмкіндіктерді пайданалып көштен қалмай келеміз. Мектебіміз ауыл мектебі болса да, көптеген белестерді бағындырып келеміз.
«Қазақстан халқына» қоғамдық қорының «Ауылдық жерлердегі тірек мектептердің әлеуетін дамыту» қайырымдылық бағдарламасы аясында мектебіміздің материалдық-техникалық база толығымен жаңартылды,
Атап айтсақ:
✅"Үздік білім беру ұйымы" номинациясында І орын;
✅«Lesson Study мұғалімдердің күнделікті тәжірибесінде» атты конференцияда Алғыс хат;
✅Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің «Геральдикалық зерттеулер орталығының» Шортанды ауданының №3 қазақ орта мектеп ұжымына Алғыс хат
✅Оқушылардың танымдық қабілеттерін қалыптастыратын тапсырмалар арқылы функционалдық сауаттылығын дамыту" тақырыбында облыстық семинар өткізілді.
✅«Функционалдық сауаттылық- білім сапасын арттырудың кепілі» тақырыбында 5-11 сыныптар арасында аудандық семинар ұйымдастырылды.
✅Облыстық «Ұлттық мектеп лигасы» бағдарламасындағы 5-6 сынып оқушылары арасында «Тоғызқұмалақтан» облыстық жарысында 1 орынға ие болды.
✅6-сынып оқушылары Өнерхан Айару мен Серікболұлы Азамат «Зерде» шығармашылық жобалар байқауы Республикалық кезеңінде жүлделі ІІІ орынға ие болды.
✅Әділбек Гүлсезім «Мың бала» байқауының жеңімпазы атанды.
✅8-11 сынып оқушылары арасындағы облыстық «М.Жұмабев» байқауында «Жыр эстафетасы» номинациясында Шайзанхан Әсем жүлделі І орынға ие болды.
✅Серікұлы Ахмет «Айқанат» мектебіне қабылданды.
✅«Зерде» ХІХ республикалық зерттеу жобалары байқауының облыстық кезеңінен: «Медицина, психология, экология» секциясы бойынша Анесий Айгерім І орынға ие болды. «Ағылшын тілі» секциясы бойынша: Райхан Бейбарыс жүлделі І орынға ие болды. Ахметова Айгерим ІІІ орынға ие болды. «Этномәдениеттану» секциясы бойынша Болат Қазыбек ІІІ орынға ие болды. "Информатика, робототехника, STEM инженерия» секциясы бойынша Тулеген Әлжан ІІІ орынға ие болды.
✅8-11 сынып оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар байқауының облыстық кезеңінде: Қазақ тілі мен әдебиеті секциясы бойынша Шайзанхан Әсем ІІІ орынға ие болды. Ағылшын тілі секциясы бойынша Ерлік Айша ІІІ орынға ие болды.
✅Облыстық «Кітап оқу» байқауында Шайзанхан Әсем Мадақтамамен марапатталды.
✅Облыстық «Эрудит» байқауында Сұраухан Кәусар Мадақтамамен марапатталды.
✅Қазақстан Республикасы Ағылшын тілі мұғалімдерінің Ассоциациясының ұйымдастырылуымен өткен республикалық «Transfunctional teachers – smart students XIX халықаралық KazTEA конференциясында Батыргалиева Гүлим Токатовна шеберлік сынып өткізді.
✅Республикалық «Білімді ұрпақ-білімді ел» конференциясына мектеп директоры Анесий Азамат қатысты.
Республикалық «Лессон стади» конференциясына директордыың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Тохтамурат Ермекбол қатысты.
✅"Педагогикалық идеялар фестивалі" байқауына Айят Цэрма республикалық кезеңге жолдама алды.
✅Математика пәнінің мұғалімі Зайтхан Нұрғали мен бастауыш сыныбының мұғалімі Муратай Юра Ақмола облысы білім басқармасының Құрмет грамотасымен марапатталды.
✅Ақмола облысы білім беру ұйымдарының қызметкерлері арасында Ұстаздар күніне орай ұлттық спорт түрі тоғызқұмалақтан спартакиада да Нұрсолтан Ермек қатысып, жүлделі ІІІ орынға ие болды.
✅“Ауыл мектебінің өркендеуі – қоғам игілігінің кепілі” атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. Ауқымды іс-шараға мектебіміздің директоры Анесий Азамат, директордың оқу жөніндегі орынбасары Рашатхан Айнагүл, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Тохтамурат Ермекбол және ағылшын тілі пәнінің мүғалімі Батыргалиева Гүлім қатысты.
✅“Педагогикалық идеялар панорамасы-2023" республикалық байқауының облыстық кезеңінің жеңімпаздары болып бастауыш сынып мұғалімдері Шалдыкова Жанат жүлделі ІІ дәрежелі дипломмен және Хавдолда Ханат ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
Просмотров: 6166


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Әлеуметтік желілер

Текст