«Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі Шортанды кентінің №3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная школа №3 поселка Шортанды отдела образования по Шортандинскому району управления образования Акмолинской области»

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Мектепке дейінгі (6 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою» және «Мектепке дейінгі ұйымдарға құжаттарды қабылдау

«Ақмола облысының білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі Шортанды кентінің №3 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жанындағы «Айналайын» шағын орталығы «Мектепке дейінгі (6 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою» және «Мектепке дейінгі ұйымдарға құжаттарды қабылдау» мемлекеттік қызметін көрсетеді. Мемлекеттік қызмет демалыс күндері және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 13:00-ден 14:00-ге дейін түскі үзіліспен, сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін тегін көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсету уақыты 30 минут. «Мектепке дейінгі (6 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою» мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері;
Білім беру порталы: Akmola.kz (ата-анасының немесе заңды өкілдерінің ЭЦҚ арқылы)
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) 1-қосымшаның қағидаларына сәйкес нысан бойынша өтініш,
2) Баланың туу туралы куәлігі (сәйкестендіру үшін)
3) Көрсетілген қызметті алушының (ата-анасының бірінің немемсе заңды өкілінің) жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін).
«Мектепке дейінгі ұйымдарға қабылдау және балаларды қабылдау»
1. қабылдауға арналған жолдама (берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жарамды);
2. ата-анасының немесе заңды өкілдерінің бірінің жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);
3. баланың тууын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);
4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 24 маусымдағы № 469 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2423 болып тіркелген) бекітілген "Бала денсаулығы паспорты" 026/у-3 есеп нысанын толтыру және жүргізу жөніндегі Нұсқаулықта қарастырылған нысан бойынша баланың денсаулық паспорты;
5. баланың денсаулығы туралы анықтама;
6. психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы (ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар үшін).
Жаңартылған күні: 08.01.2024 22:16
Құрылған күні: 08.01.2024 22:17

Текст