«Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі Шортанды кентінің №3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная школа №3 поселка Шортанды отдела образования по Шортандинскому району управления образования Акмолинской области»

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Бірінші сыныпқа құжат қабылдау

Мектептің тағы да көрсететін мемлкеттік қызметінің бірі- 1-сыныпқа балаларды қабылдау. Бұл қызмет сәуір айынан бастып, тамыз айына дейін жүзеге асырылады. Балаларды 1-сыныпқа қабылдағанға дейін мектепке дейінгі тәрбиелеу отбасында немесе мектепке дейінгі ұйымдарда 1-сыныпқа қабылданғанға дейін бір жылдан бастап жүзеге асырылады.
Ақмола облысының білім басқармалары «Мектепке дейінгі балаларды (6 жасқа дейін) мектепке дейінгі ұйымдарға жіберу үшін есепке алу» мемлекеттік қызметін көрсетеді.
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдау және нәтижені беру мыналар арқылы жүзеге асырылады:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
3) «электрондық үкімет» www.egov.kz веб-порталы.
Жеке тұлғаларға мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 19 маусымдағы №254 бұйрығымен бекітілген «Мектепке дейінгі білім беру саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидаларында айқындалған. 
Меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, мемлекеттік білім беру тапсырысы бар мектепке дейінгі ұйымдардағы бос орындарға мектепке дейінгі жастағы балаларды қабылдау (кезекке қою, жолдама беру, құжаттарды қабылдау, мектепке дейінгі ұйымға қабылдау) тәртібін айқындайды.

Жаңартылған күні: 10.02.2023 13:28
Құрылған күні: 28.12.2023 08:49

Текст