«Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі Шортанды кентінің №3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная школа №3 поселка Шортанды отдела образования по Шортандинскому району управления образования Акмолинской области»

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мектеп мұражайын таныстыру

Мектеп жоспарына сай, тірек мектептер Новосёловка, Мықтыкөлдің 8, 9-сынып оқушыларына мектебіміздің музейін тарих пәнінің мұғалімі Бәделхан Алмагүл таныстырды. Музейдің негізі 2018 жылы қаланған.
Мектеп музейінің басты мақсаты - музейдегі тарихи құжаттар мен жәдігерлер арқылы жас ұрпақты отансүйгіштікке, ұстаздарға деген құрметке тәрбиелеу, оларға кәсіби қызметінде айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізген адамдарды, мектептің жетістіктерін таныту, мектептің оқу-тәрбие қызметіндегі бай тарихын уағыздау, түлектердің жеке тұлға болып қалыптасуына мүмкіндік жасау, олардың өлке тарихына қызығушылығын арттыру.
Мектеп музейінің жұмысы 3 бағытта ұйымдастырылған.
Бірінші бөлім аудан тарихына арналған. Бұл бөлімде жәдігерлер, танымдық фото-суреттер, аудан, облыс көлемінде кітаптарда басылып шыққан мәліметтер жинақтақталған.
Келесі бөлім – этнографиялық бөлім. Мұндағы экспонаттар: ұлттық киімдер, тұрмыста қолданылатын жәдігерлер тарихтан сыр шертеді.
Мектептің тарихы мен оқу-тәрбие қызметін баяндайтын, осы мектепте еңбек еткен барлық ұстаздар мен мектептен түлеп ұшқан түлектері туралы мәлімет беретін, олардың осы білім ордасындағы қызметтері туралы естелік-сыр шертетін заттық, жазба жәдігерлер, фотоматериалдар келесі бөлімде жинақталған, яғни бүгінде көптеген шәкіртке білім беріп жатқан мектебіміздің өсіп-өркендеу жолынан толық мағұлмат береді.
Мектеп музейі –оқушылардың жүрегіне ізгілік ұялататын, патриотизмге тәрбиелейтін, сезімін оятып, зеректігін арттыратын үлкен тәрбие ортасы. Өлкетану тақырыбына байланысты сабақтар, мектеп түлектерімен кездесулер ұйымдастырылады.
Жаңартылған күні: 14.12.2023 10:25
Құрылған күні: 14.12.2023 10:25

Текст