11-қазан күні 8-11-сыныптар арасында «Ақын болсам... » эссе байқауы өткізілді. Оқушылар жазған эсселерінде қазіргі таңдағы өзекті мәселелерді, оның ішінде тіл, жастар тәрбиесін арқау еткен. Еліміздің өркендеп,алдыңғы қатарға қосылуы үшін ең басты жастар тәрбиесін дұрыс жолға қою, тіл мәртебесін көтеруді, ана тілде сөйлеуді, ұлттық құндылықтарды дәріптеуді ақындық өлеңіме, жырыма қосар едім деген.
Эссе байқауының қорытындысы бойынша І орынды 9 “Б” сынып оқушысы Ерлан Гүлзат; ІІ орынды 10 “А” сынып оқушысы Бердімұрат Айша, 9 “Б” сынып оқушысы Нұрсұлтан Аружан, ІІІ орынды 10 “А” сынып оқушысы Рымбай Нұрсәуле, 10 “А” сынып оқушысы Амантай Алтынгүлдер марапатталды.