«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 24 сәуірі № 158 Отбасы және балалар саласында мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидаларын бекіту туралы«Мектепке дейінгі ұйымдарға жіберу үшін мектеп жасына дейінгі балаларды (6 жасқа дейін) кезекке қою» мемлекеттік қызмет көрсетеді.
«Мектепке дейінгі ұйымдарға жіберу үшін мектеп жасына дейінгі балаларды (6 жасқа дейін) кезекке қою» қызметін онлайн алу үшін:
- Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
- Өтінімді толтырып оған ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) қол қою. Аймақты таңдау, ЖСН немесе тегін, атын және баланың туған күнін, байланыс деректерін енгізу.
- Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде) өңделген хабарламамен танысу. Кезекті әрі қарай қадағалау үшін "Балабақшаға кезек нөмірін қарау" қызметін пайдалануға болады.
- Жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде) МДБМ жолдаманы келісу туралы хабарламамен танысыңыз. Қажеттілігі болғанда пайдаланушының байланыс деректерін өзектілендіру.
- Жеке кабинетте жолдамамен келіскен жағдайда («Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде) МДБМ-не жолдамамен танысу.
Мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттар тізбесі төмендегідей:
- Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
- Баланың туу туралы куәлігі (сәйкестендіру үшін);
- Көрсетілетін қызметті алушының (ата-анасының бірінің немесе заңды өкілдерінің (сәйкестендіру үшін) жеке басын куәландыратын құжат;
- Әскери қызметкердің немесе арнаулы мемлекеттік орган қызметкерінің жұмыс орнынан берілген, мөр басылған және уәкілетті тұлғаның қолы қойылған анықтама (бар болғанда) (берілген күннен бастап бір ай ішінде жарамды);
- Білім беру ұйымы басшысының мөрімен және қолымен расталған педагогтің жұмыс орнынан анықтама (берілген күннен бастап бір ай ішінде жарамды), дипломның сканерленген көшірмесі;
- Ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар үшін психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы (бар болғанда);
- Фтизиатр-дәрігердің қорытындысы;
- Мектепке дейінгі ұйымға бірінші кезекте орын алу құқығын растайтын құжаттар (бар болғанда).
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: кезекке қою туралы хабарлама (еркін нысанда) немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар: Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы «жеке кабинеті», көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері, сондай-ақ «1414», 8-800-080-7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
https://egov.kz/cms/kk