“Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің қуаттысы - тіл",-деген ұлағатты сөз қалдырған, қазақ халқының тағдыры мен тілі үшін күрескен Алаш арысы, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні "5 қыркүйек - Қазақстан халқы тілдер күні" болып 2017 жылдан бері атап өтілуде.
Тіл- қарым-қатынас құралы, достықтың көпірі, мәдениет пен әдебиетіміз, ұлттық қазынамыз. Ана тілін сүйген азамат елін де, жерін де сүйеді. Бойында қазақтың қаны бар, намысы бар кез келген адам бабалардан қалған асыл мұрасы- ана тілін қадірлеуге, оны көздің қарашығындай қорғауға міндетті. Себебі тіл - ұлттың белгісі, мемлекеттің айбыны. "Тілге құрмет - елге құрмет" атты апталығы ашылды.