Қазақстан Республикасы халықтарының тілдері күніне орай 7 “а”, “ә” сыныптарында «Тіл-достықтың көпірі» атты сыныптан тыс іс шара ұйымдастырылды.
Іс шараның мақсаты: оқушыларды өз ана тілінің қадір - қасиетін біліп, өз ана тілінің көркемдігін сезініп, сөз құдіретін түсініп, ана тіліне сүйіспеншілігін қалыптастыру, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге атсалысуға шақыру. Іс шара барысында оқушылар дүниежүзі халықтары туралы қызықты мәліметтерді білді, үш тілде «Білімпаз» викторина ойынын ойнады. Іс шара екі сыныптың оқушылары белсенді ат салысып, ағылшын, қазақ, орыс тілінде өлеңдерін оқыды, «Қазақ тілі» әнін шырқады.
Сонымен қатар, іс шараға белсене ат салысқан Ахметова Айгерім, Кожанова Жамиля, Пәтіхан Мейірім, Тулеген Әлжан, Бахытжан Зейнеп, Өзгерісқызы Тұмар, Оразбаев Қуаныш, Ғабит Әмина, Болат Аманбек, Хонырат Фаридаға алғыс айтамыз. Тілдер мерекесі әлі де жалғасын табуда.