9 қазан күні мектебіміздің ұстаздары Көкшетау қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебіне, ауылдық елді мекендердегі тірек мектептердің әлеуетін дамытуға арналған семинарға қатысты. Назарбаев зияткерлік мектебі мұғалімдерінің сабақтарын, шеберлік сағаттарын, тренингтері мен семинарларын тыңдап, тәжірибе жинақтады, сабақты өткізудің озық үлгілерімен танысты. Оқушылармен жұмыс жасаудың түрлі әдіс-тәсілдерін ұсынылды.
Шара дөңгелек үстелмен қорытындыланды. Педагогтар өз ойларын ортаға салып, пікір алмасты.