Дарынды балаларды анықтауға арналған “Менің Отаныма– менің бастамам” атты Республикалық шығармашылық жобалар байқауының аудандық кезеңі өтілді.
Байқаудың мақсаты: дарынды балаларды анықтауға және қолдауға бағытталған балалар мен жастардың бастамаларын дамытуға ықпал ету.
Мектебіміздің 10 «А» сынып оқушысы Рымбай Нұрсәуле Берікболқызы «Менің отбасым: сабақтастық, құндылықтар мен мағыналар» номинациясы бойынша қатысып, жүлделі І -орынға ие болып, облыстық кезеңге қатысуға жолдама алды. Жетекшісі: Қасен Нұрғайша.
«Жаңғырту полюсі» номинациясына 10-сынып оқушысы Төлеген Кәусәр Өнербекқызы қатысып, мадақтамамен марапатталды. Жетекшісі: Бәделхан Алмагүл.