Хаттама 1
Шортанды №3 қазақ орта мектебінің «Қамқоршылық кеңес» отырысының
ХАТТАМАСЫ №1
Өтілген күні:
29.10.18 ж.
Қатысқандар:
мектеп әкімшілігі, ата - аналар, жергілікті мекеме қызметкерлері
Күн тәртібінде қаралған мәселелер:
- «Қамқоршылық кеңестің» ережесімен, мақсат-міндеттерімен, құру тәртібімен таныстыру
- «Қамқоршылық кеңестің» мүшелерін сайлау
- Тыңдалды: 1-мәселе
- а) Сөйледі:
Күн тәртібіндегі
1- мәселе бойынша мектеп директоры А. Анесий сөз алып, жиналысқа қатысушыларды Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 22.12.2016 жылғы № 715
бұйрығымен бекітілген «Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастырудың және білім беру ұйымдарында оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы » ережемен таныстырып өтті. Қамқоршылық кеңесі қоғамдық бірлестік , бірге басқарудың қоғамдық - мемлекеттік түрлерін дамыту және білім беру жүйесі, ізгілік қызметтері мекемелеріне қолдау жасауға қосымша қаржы тарту мақсатында құрылатындығын айта келіп, міндеттеріне тоқталды.
- Жалпы білім беру ұйымының жұмысының айқындығын арттыруға және жетілдіруге бағытталған бастамалар ұсыну және оны талқылау.
- Жалпы білім беру ұйымының материалдық-техникалық базасы мен оқу базасын нығайту және жетілдіру, оның аумағы мен кабинеттерін көбейту.
- Білім беру үдерісін іске асыру жағдайын жақсартуға, оқушылардың өмірі мен денсаулығын сақтауға жәрдем көрсету.
- Мектеп органдарының жұртшылықпен тиімді қарым-қатынасы үшін жағдай жасау.
- Мектептің білім берушілік, қаржылық, кадрлық әлеуетін күшейту.
- ҚМ берілген қаражаттай және заттай бюджеттік қаржыны тиімді және анық пайдалану үшін механизм құру.
- Қаржыландырудың қосымша көздерін мектепке тартуға жәрдем беру.
- Оқушылардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау.
Мектеп директоры қамқоршылық кеңестің қосымша бюджеттен тыс қаржыларды тарту және жұмсау түрлері мен тәртібіне,
Қамқоршылық кеңесінің құқықтары мен міндеттеріне, оның қағидаларына , сонны мен қатар кеңестің құрамына тоқталып өтті.
- Тыңдалды: 2-мәселе
- ә) Сөйледі:
Күн тәртібіндегі
2- мәселе бойынша сөз алған ата
- аналар комитетінің төрайымы Ж. Теңсел
Қамқоршылық кеңес құрамына кімдер ену керектігіне, олардың
функционалдық міндеттеріне тоқталып өтті.
Жиналысқа қатысушылардың ортақ ұсынысымен төмендегі тұлғалар Қамқоршылық кеңестің мүшесі болуға ұсынылды.
Қамқоршылық кеңес төрайымы: Ж. Теңсел
Қамқоршылық кеңес төрайымының орынбасары: С. Хатпа, Болатова Алмагүл
Хатшы: Дорж Айнұр
Қамқоршылық кеңестің мүшелері:
- Кәрім Бектас
- Кулмагамбетова Сабина
- Баяхметова Жанаргүл
- Құныбек Саяхат
- Қуанған Жұлдыз
- Қабылғажы Майрагүл
- Мухай Айбарша
Шешімі:
- Қамқоршылық кеңестің ережесіне сәйкес Шортанды № 3 қазақ орта мектебінде құрылған кеңестің жұмысы жандандырылсын.
- Қамқоршылық кеңес құрамын ұсынылған тұлғалар кеңес мүшелігіне сайлансын.