«Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі Шортанды кентінің №3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная школа №3 поселка Шортанды отдела образования по Шортандинскому району управления образования Акмолинской области»

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ақындармен жұмыс

Қазақ халқының ақиық ақын, жазушыларының құрметіне бұл жыл елімізде «Ақындар жылы» деп аталып, көптеген іc-шаралар жүзеге асырылып, ақын жазушыларымыздың мәртебесін көтеруде. Бұл еліміздегі ерекше дарын иелерін құрметтеп, абырой – даңқын асырумен қатар, жастар арасындағы талантты ұрпақтың өсіп өркендеуіне үлкен үлес болмақ. Сондықтан да білім салаларында, ақын жазушыларымыздың өмірін оқытудың маңызы зор екендігін және оқушылардың дарын таланттарын айқындап, шығармашылық қабілеттерін ашу мақсатында Шортанды № 3 жалпы орта білім беретін мектебінде түрлі іс-шаралар өткізілуде. Соның бірі 27 қыркүйек күні 9 «Б» сынып оқушыларының қатысуымен, сынып жетекшісі Мұрат Замира және кітапханашы Хабылғажы Майрагүлдер «Ақындармен жұмыс» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды. Әрине барлық адам ақын немесе барлық адам жазушы бола алмайды. Бұл адам бойында туа біткен қабілеті немесе қаннан дарыған талант болуы мүмкін. Кейбір адамдар бұл дарынын ашыққа шығара алса, кейбірі сыртқа шығарғысы келмейді. Мысалы; өзінің жазбасына көңілі толмайтын сәттері де болып жатады. Сондықтан да оқушылар арасында осындай ашық іс - шараларды қолға ала отырып, бір баланың талантын анықтап, дарынын ашудың өзі үлкен жетістік.

Жаңартылған күні: 05.12.2023 15:45
Құрылған күні: 05.12.2023 15:46

Текст