1-СЫНЫПҚА ҚАБЫЛДАУ
Құрметті ата-аналар, «Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі Шортанды кентінің №3 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде сұранысқа қажет "Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау" мемлекеттік қызмет бойынша 1-сыныбына оқушыларды қабылдау 1 сәуір 2024 жылдың 31 тамыз 2024 жыл аралығында www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.
Балаларды мектепке қабылдау тәртібі 2018 жылғы 12 қазандағы № 564 бұйрықпен бекітілген Үлгілік қағидаларда айқындалған.
2024 жылдан бастап құжаттарды қабылдау мерзімі күнтізбелік жылдың 31 тамызына дейін ұзартылды;
Бірінші сыныпқа алты жастан бастап даярлық деңгейіне қарамастан балалар және ағымдағы күнтізбелік жылы алты жасқа толатын, білім беру ұйымының қызмет көрсету аумағында тұратын балалар келесі құжаттарды ұсынумен қабылданады:
- мәлімдеме;
- өлшемі 3х4 см баланың суреті (2 дана);
- «Бала денсаулығының паспорты» 052-2/у нысанды анықтама.
1. Жұмыс кестесі:
1) көрсетілетін қызметті беруші: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі мен жұманы қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліс пен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
Байланыс ақпараты: Шортанды кенті Октябрьдің 50 жылдығы көшесі, 91, «Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі Шортанды кентінің №3 жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің, телефон нөмірлері: 8 (71631) 3-51-78, электрондық мекенжайы: shortandy-3@mail.ru