«Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі Шортанды кентінің №3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная школа №3 поселка Шортанды отдела образования по Шортандинскому району управления образования Акмолинской области»

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Вакансия

ВАКАНСИЯ!

«Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі Шортанды кентінің №3 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидалары» № 57 бұйрығына сәйкес коммуналдық мемлекеттік мекемедегі (әрі қарай-КММ) бос педагогтік лауазымдарға конкурс жариялайды:

Мектептің мекенжайы: Қазақстан Республикасы, 021606, Ақмола облысы, Шортанды ауданы, Шортанды кенті, 50 лет Октября көшесі,91

Телефон: 8 (716 31) 3-51-78

Электрондык пошта: shortandy-3@mail.ru

Бос лауазым:

  • «Мектепалды даярлық тобының тәрбиеленушісі» 1 жұмыс мөлшерде (уақытша) (негізгі қызметкердің декреттік демалысқа кетуіне байланысты);
  • «Физика пәні  мұғалімі» 23 сағат (уақытша) (негізгі қызметкердің декреттік демалысқа кетуіне байланысты);
  • Қосымша білім беру педагогі-білім беру ұйымдары жанындағы секциялар мен үйірмелер педагогы (сурет, дизайн) 1 жұмыс мөлшерде (тұрақты).

Қызметке қабылдау конкурсы:05.12-13.12.2023 аралығында жүргізіледі.

Құжаттарды қабылдау уақыты: 09.00-18.00

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген кандидат хабарландыруда көрсетілген құжаттарды конкурс жарияланған күннен бастап 7 жұмыс күні мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:

1) Конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) Жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);

3)Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген - бар болса);

4)Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5)Еңбек қызметін растайтын құжаттың кешірмесі (бар болса);

6)"Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).

7) Психоневрологиялық ұйымнан анықтама; (портал арқылы)

8) Наркологиялық ұйымнан анықтама;

9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі - ҰБТ) немесе педагог- модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).

10) Конкурсқа қатысушы бар болған жағдайда біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби денгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.

Осы көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы құжаттарды кандидатқа қайтару үшін негіз болып табылады.

Жаңартылған күні: 05.12.2023 14:42
Құрылған күні: 05.12.2023 14:42

Текст