02.12.2023
Шортанды кенті №3 жалпы орта білім беретін мектебінде 2023-2024 оқу жылына орай Білім күніне арналған "Мектеп- мейірім мекені" атты салтанатты жиын өтті. Салтанатты жиынға Шортанды кентінің әкімі Махфуз Асқар білім бөлімінің әдіскері Тулегенова Гүлжайнат Қадырбаевна және ата-аналар қатысты. Қонақтар ұстаздар мен оқушыларды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, сәттілік тіледі. Мектеп директоры Анесий Азамат ұстаздарды оқушыларды, ата-аналарды жаңа оқу жылындағы міндеттермен таныстырып, өткен оқу жылындағы жетістіктерге тоқталды. Атап айтсақ, мектебіміздің аудан көлеміндегі мектептер арасындағы өткен "Үздік білім беру ұйымы" байқауында

орын алуы ұжым мүшелерінің еңбегі екенін атап өтті. Ең маңызды, ең қымбат сәт-алғашқы қоңырау соғу құрметі 11 және 1сынып оқушыларына берілді. Іс-шара соңында «Әділетті Қазақстан: сапалы білім, адал ұрпақ, табысты ұлт» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.