Мектеп асханасы – бала денсаулығының кепілі
«Ас – адамның арқауы» дейді халық даналығы. Соның ішінде жас буын балалардың құнарлы, дұрыс тамақтануы басты назарда болуы шарт. Мектеп оқушыларының дұрыс тамақтануы - оқушының жан-жақты дамуына маңызы зор. Ол әл-ауқатына пайдалы әсер ететін тағамдарды тұтыну болып табылады. Бұл бастауыш сынып оқушылары үшін оқу барысында мидың белсенділігіне оң әсер ететін тағамдарды тұтыну өте маңызды болмақ. Осыған орай Шортанды кентінің №3 жалпы орта білім беретін мектебінде «Қамқоршылық кеңес» мүшелері және ата-аналардың қатысуымен мектеп асханасындағы бастауыш сынып оқушыларына ұсынатын ас-мәзірімен таныстыру шарасы өтті.
Шараны аталмыш мектептің медбикесі, мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары және бас аспаздың ұйымдастыруымен болды.
- Мектеп асханасындағы бастауыш сынып оқушыларына ұсынылатын тағамдардың мәзірін респбликалық және облыстық білім беру ұйымдарының жіберген тізбесі бойынша дайындаймыз, - дейді мектеп аспаздары. - Бірақ, ас-мәзірінің арасында балаларға қауіпті және аллергия тудыратын тағамдар кездеседі. Осыған орай мектеп әкімшілігі тарапынан ата-аналармен келісу шарасын ұйымдастырып отырмыз. Себебі, оқушылардың арасында балдан, қышқылдардан аллергия алатын оқушылар бар.
Атап айтқандай ас-мәзірінде балларға балық ұсынылған. Әрине, бұл бастауыш сынып оқушылары үшін өте қауіпті. Балық болған соң оның қылтаны болары сөзсіз. Ал, бал мен лимон, апелсин сынды қышқылды тағамдардан аллергия алатын оқушыларда кездеседі. Сондықтан ата-аналар тарапынан мектеп асханасының ас-мәзірін ауыстырып, түрлендіруді, бала денсаулығы үшін қауіпті тағамдарды алып тастап, балама тағамдарды айырбастауға ұсыныс жасады.
Ата-аналар мектеп асханасынан оқушыларға ұсынылатын тағамдардан дәм татып көріп, тағамдардың құнарлылығы мен сапасына, асхананың жайлылығына разы болды. «Қамқоршылық кеңес» мүшелері мен ата-аналардың ұсынып талаптарын мектеп әкімшілігі тарапынан тиісті орындарға жолдайтындықтарын айтып өтті.