"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ШОРТАНДЫ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ ШОРТАНДЫ КЕНТІНІҢ № 3 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ    
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА № 3 ПОСЕЛКА ШОРТАНДЫ ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО ШОРТАНДИНСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Туберкулездің алдын алу» тақырыбында түсіндірме жұмысы

Мектебіміздің 5–6 сынып оқушылары арасында «Туберкулездің алдын алу» тақырыбында түсіндірме жұмысы жүргізілді.
Түсіндірме барысында оқушыларға туберкулездің жұқпалы ауру екені, оның ауа арқылы таралатыны және адам денсаулығына қауіптілігі туралы ақпарат берілді. Аурудың негізгі белгілері – ұзақ уақытқа созылған жөтел, дене қызуының көтерілуі, түнгі тершеңдік, әлсіздік, салмақ жоғалту екені түсіндірілді.
Сонымен қатар, туберкулездің алдын алу жолдары айтылды:
– БЦЖ екпесін уақытында алу;
– Жеке бас гигиенасын сақтау;
– Дұрыс тамақтану;
– Бөлмені жиі желдету;
– Уақытылы медициналық тексеруден өту.
Оқушыларға өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау керектігі ескертілді. Түсіндірме барысында сұрақ-жауап ұйымдастырылып, оқушылар белсенді қатысты.

Әлеуметтік желілер

Текст