"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ШОРТАНДЫ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ ШОРТАНДЫ КЕНТІНІҢ № 3 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ    
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА № 3 ПОСЕЛКА ШОРТАНДЫ ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО ШОРТАНДИНСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Физика пәні мұғаліміне бос орын

ВАКАНСИЯ!

«Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі Шортанды кентінің №3 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі "Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2024 жылғы 24 желтоқсандағы № 362 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 24 желтоқсандағы № 486 бірлескен бұйрығына сәйкес коммуналдық мемлекеттік мекемедегі (әрі қарай-КММ) бос педагогтік лауазымдарға конкурс жариялайды:

Мектептің мекенжайы: Қазақстан Республикасы, 021606, Ақмола облысы, Шортанды ауданы, Шортанды кенті, 50 лет Октября көшесі, 91

Телефон: 8 (716 31) 3-51-78

Электрондык пошта: shortandy-3@mail.ru

Бос лауазым:

1) «ФИЗИКА ПӘНІ МҰҒАЛІМІ» 21 сағат (уақытша педагог қызметкердің декреттік демалысқа кетуіне байланысты);

Қызметке қабылдау конкурсы 16.01-27.01.2025 аралығында жүргізіледі.

Құжаттарды қабылдау уақыты: 09.00-18.00

         Конкурсқа қатысуға ниет білдірген кандидат хабарландыруда көрсетілген құжаттарды конкурс жарияланған күннен бастап 7 жұмыс күні мерзімінде келесі құжаттарды электрондық түрінде жолдайды: http://hr-nobd.edu.kz

       1)Конкурсқа қатысу туралы өтініш;

      2)Жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

      3)Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

      4)Үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

       5) Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

      6)"Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 075/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

      7)Психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары бар аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;

       8)Наркологиялық аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;

      9)Сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);

педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы;

       10) жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша), оқу орнынан ұсыным хат.

 

Жаңартылған күні: 16.01.2025 17:09
Құрылған күні: 16.01.2025 17:09

Әлеуметтік желілер

Текст