13.09.2024
«СЫҢҒЫРЛА, АЛҒАШҚЫ ҚОҢЫРАУ!»
1 қыркүйек күні мектебімізде 1 және 11 сынып оқушыларының қатысуымен «Мектебім - мейірім мекені» тақырыбында алғашқы қоңырау салтанатты жиыны өтті. Жиынға Шортанды ауданының әкімі С.С.Шабаров, Шортанды ауданы әкімінің орынбасары Ш.Х. Ахметова және “Ардагерлер” кеңесінің төрағасы Т.Д.Кизаева қатысты. Қонақтарымыз құттықтау сөз сөйлеп, жылы лебіздерін білдірді.
Мектеп директоры Анесий Азамат жаңа оқу жылының ерекшелігімен таныстырып, ұстаздар мен оқушыларға білім шыңдарын бағындыруда сәттілік тіледі. Алғашқы қоңырау соғылып, оқушыларымыз мектебіне оралды. Мереке құтты болсын!