“Таңғажайып химия” атты эксперименттер алаңы
“Химия - биология” апталығының жоспарына сай “Көңілді үзіліс” уақытында мектебіміздің 10 сынып оқушылары “Таңғажайып химия” атты эксперименттер алаңында өз тәжірибелерін мектеп оқушылары мен тірек мектебінен келген оқушыларға көрсетті. Бұл тәжірибелерді Капасов Рахат айтқандай, химия сабағында оқып, үйрене аласыздар. 10 сынып оқушылары “түсті реакциялар, катиондардың жалын түсін өзгертуі, мини-вулкан, өздігенен оттың жануы, сиқырлы күлгін түсті оттың жануы, қолға от жағу” сияқты тәжірибелерді көрсетті.
