«Суды үнемде – болашақ үшін сақта» атты Эко-сағат
«Суды үнемде – болашақ үшін сақта» атты Эко-сағат
Бүгін мектебімізде «Суды үнемде – болашақ үшін сақта» тақырыбында экологиялық тәрбие бағытында Эко-сағат өткізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушыларға судың адам өміріндегі және табиғаттағы маңызын түсіндіру, су ресурстарын қорғауға, суды тиімді әрі үнемді пайдалануға тәрбиелеу.
Эко-сағат барысында оқушыларға судың тіршілік көзі екендігі, адам ағзасы, өсімдіктер мен жануарлар әлемі үшін маңызы туралы кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар, тұщы су қорының шектеулі екені және оны ластамай, үнемдеп пайдалану әрбір адамның міндеті екені айтылды.
Оқушыларға суды үнемдеу жолдары таныстырылып, күнделікті өмірде суды босқа ағызбау, кранды ашық қалдырмау, су көздерін ластамау сияқты қарапайым, бірақ маңызды ережелер түсіндірілді. Тақырыпқа байланысты танымдық бейнероликтер көрсетіліп, оқушылар өз ойларымен бөлісіп, сұрақтарға жауап берді.
Суды үнемдеу – табиғатты қорғау, болашақ ұрпаққа қамқорлық жасау!
Әрбір тамшының қадірін білейік! Табиғатты аялап, суды үнемдейік!
