«Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі Шортанды кентінің №3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная школа №3 поселка Шортанды отдела образования по Шортандинскому району управления образования Акмолинской области»

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Қазақстан –мейірімділік мекені» атты қайрымдылық акциясының жоспары

14.03.2017

«Қазақстан –мейірімділік мекені»

атты қайрымдылық акциясының жоспары

 

Мектеп: Шортанды №3 қазақ орта

мектебі    Оқушылар саны:  16              

Мерзімі:    03.02.2017жСынып   5 «В»   

Жауапты:«Өзін–өзі тану» пәні мұғалімі Мұрат Замира және сынып жетекшісі Хабылғажы Талас

Тақырып:«Жақсылық  - жан жадыратады»

Оқудан тыс әрекетті өткізу орны: Ақмола облысы Шортанды ауданы Шортанды №3 қазақ орта мектебі

Мақсаты:  Жас ұрпақтың бойына ізгілік, қамқорлық, қайырымдылық сынды асыл қасиеттерді дарыту.

Міндеттері:

1. Оқушылардыңкембағалы жандарға мейірімділік танытып, қайырымдылық жасаудың маңызын ұғындыру арқылы ізгілік

туралы түсініктерін кеңейту.

2.Оқушыларды қайырылымдылық іс-әрекеттер жасауға баули отырып, мейірімділік, қамқорлық қасиеттеріне үйрету.

3.Оқушыларды айналасындағыларға қайырылымдылық жасай

білуге тәрбиелеу.

Ресурстары:

(материалдары,

дереккөздері)

Оқудан тыс іс – әрекеттердің жобасын өткізудің даярлық жоспары   (жоспардың әрбір пунктін 3 – 5  сөйлеммен ашу)

 

1. Іс-шараны өткізетін орынды таңдау, мерзімін белгілеу.

Денсаулығына байланысты 3 жылдан бері үйден оқытылатын кембағалы оқушы Арғынбай Ләззатты мектепке қонаққа шақырып, өмірге деген құштарлығын, болашағына деген жарқын сенімін оятып, ешқашан өзін өзгелерден кем санамауына және өзін жақсы көретін, сыйлайтын, бағалайтын, жан жылуын аямайтын мейірімді жандардың бар екендігіне сендіре отырып, достарының риясыз сүйіспеншілікпен әзірлеген сыйлықтарымен  концерттік бағдарламасын ұсыну.

 

2. Оқушыларды іс-шараның мақсатымен таныстыру.

Оқушыларғаосы кездесудің мақсаты таныстырылды. Арғынбай Ләззатқа ең әуелі рухани ізгі ниеттерін,риясыз сүйіспеншіліктерін білдіру, мейірімділік танытып, оған әрқашан шынайы жақсылық,  тілейтіндіктерін сезіндіре алу түсіндірілді.

 3. Жүргізілетін іс-шараның жоспарын жасақтау.

Қайырымдылық шараны қалай өткізетініміздің қадамдарын ойластырып, жоспар құрылды. Арғынбай Ләззатқа жүрек жылуын сыйлау үшін сыныптастарының риясыз ізгі ниетпен, жарқын жүздерімен шынайы қуаныш сыйлауға атсалысу. Арғынбай Ләззатқа достарының өз қолдарынан жасаған әртүрлі сыйлықтары, жүрек жарды тілектері жазылған ашық хаттары және концерттік бағдарламалары ұсынылады. Демеуші ата-аналардың жасаған түрлі сыйлықтары ұсынылады. (Сабақ құралдары, конструкторлар, ертегі кітаптар)

4. Әдеби-музыкалық  бағдарлама әзірленді.

Жалпыадамзаттық құндылыққа негізделген «Жақсылық  - жан жадыратады» аттышағын концерттік бағдарлама ұйымдастыру жоспарланды. Оқушылар жалпыадамзаттық құндылыққа негізделген «Жақсылық  - жан жадыратады» атты шағын концерттікбағдарламадайындау үшін мағынасы терең әндер мен билер, күйлерорындауды, «Арыстан мен тышқан» ертегісін сахналау ойластырылып, дайындық жасалды. Материалдар жинап, рөльдерді бөлісті.  Костьюм, 

музыкалық құрал-жабдықтарды дайындады.

Іс – шараны өткізудің жоспары

1. Арғынбай Ләззатты шақыру, ата – анасынана келісімін алу.

2.«Жақсылық  - жан жадыратады» аттышағын концерттік бағдарлама көрсету.        

3.Сыныптастарының және  ата – аналардың әзірлеген шағын сыйлықтарын табыстау.

4. Арғынбай Ләззатқа риясыз ізгі ниетпен рухани жан жылуын сыйлау.

5. Қорытылындау: Арғынбай Ләззатқакездесуге атсалысқаны үшін достарының тілектері алғыстарын білдіруі және өзінінің бүгінгі күннен алған әсерімен бөлісуге кезек беру.

Мұғалімнің қорытынды сөзі: Ләззатқа зор денсаулық тілеп, жанға қуат болатын жақсы тілектер білдіру.

 

Талдау

Мұғалімнің сөзі:

Әрбір батқан күннің, нұрланып атар таңы бар,

Әрбір бұлт торлаған аспанның, жарқырап шығар күні бар – демекші өмірде жақсы мен жаман, ақ пен қара бірге жүреді. Біз бұл өмірдің түрлі сынақтарына төтеп беріп, төзімділік танытып, жақсылыққа ұмтылуымыз керек. Сонда ғана аяғымыздан тік тұрып, алға қойған арман мақсатымызға жете аламыз. Адам қандай қиындыққа тап болса да жігерін суытпай, сенімін жоғалтпай өмір сүруі керек. Сондықтан да

Ләззат саған зор күш қуат, табандылық, төзімділік, қайтпас жігер сенім тілейміз. Біз сені қатты жақсы көреміз, сенің сауығып ортамызға жарқырап аман–есен оралуыңа сенімдіміз, тілектеспіз. «Жақсылық  - жан жадыратады»дегендей  әрқашан да адамгершілігімізді ту етіп,   кіршіксіз таза ниет, жылы жүрегімізбен қайырымдылық жасап жүрейік!

 

 

 Жауапты мұғалім            Мұрат Замира                                         

Директор                           Бейсембаева М.С .

 

 

Іс – шараның  жүзеге асуына жауапты маман:  Ақмола

облысы Шортанды ауданы

 Шортанды №3 қазақ орта мектебінің «Өзін

– өзі тану» пәні мұғалімі Мұрат Замира

Эль адрес: akm_zamira@mail.kz

тел:

87753678556

дом

тел: 87163121600

 

 

«Қазақстан –мейірімділік мекені»

атты қайрымдылық акциясының өткізілу жоспары

 

Мектеп: Шортанды №3 қазақ орта мектебі   

Оқушылар саны:  16              

Мерзімі:    03.02.2017жСынып   5 «В»   

Жауапты:«Өзін–өзі тану» пәні мұғалімі Мұрат Замира және сынып жетекшісі Хабылғажы Талас

Тақырып:«Жақсылық  - жан жадыратады»

Оқудан тыс әрекетті өткізу орны: Ақмола облысы Шортанды ауданы Шортанды №3 қазақ орта мектебі

Мақсаты: Жас ұрпақтың бойына ізгілік, қамқорлық, қайырымдылық сынды асыл қасиеттерді дарыту.

Міндеттері:

1. Оқушылардыңкембағалы жандарға мейірімділік танытып, қайырымдылық жасаудың маңызын ұғындыру арқылы ізгілік туралы түсініктерін кеңейту.

2.Оқушыларды қайырылымдылық іс-әрекеттер жасауға баули отырып, мейірімділік, қамқорлық қасиеттеріне үйрету.

3.Оқушыларды айналасындағыларға қайырылымдылық жасай білуге тәрбиелеу.

Қайырымдылық  шараны өткізудің жоспары

1. Арғынбай Ләззатты шақыру, ата – анасынана келісімін алу.

2.«Жақсылық  - жан жадыратады» атты шағын концерттік бағдарлама көрсету.   

3.Сыныптастарының және  ата – аналардың әзірлеген шағын сыйлықтарын табыстау.

4.Арғынбай Ләззатқа риясыз ізгі ниетпен рухани жан жылуын сыйлау.

5. Қорытылындау: Арғынбай Ләззатқа кездесуге атсалысқаны үшін достарының тілектері алғыстарын білдіруі және өзінінің бүгінгі күннен алған әсерімен бөлісуге кезек беру.

Қайырымдылық  шараны өткізудің барысы

 

Арғынбай Ләззатты шақыру

Мұғалімнің кіріспе сөзі.

«Жақсылық  - жан жадыратады»демекші біздің бүгінгі бар ықыласымыз, риясыз сүйіспеншілігіміз, рухани ізгі ниетіміз, жүрек жарды  тілектеріміздің барлығы құрметті, қадірлі қонағымыз  Арғынбай Ләззатқа арналады. Бүгінгі күні сыныптас достарыңның ыстық ықыластары сый құрметі, сенің өз ортаңда сыйлы жан екендігіңді білдіреді. Өзіңді жақсы көретін жүрек жылуын аямайтын достарың барына сен бақыттысың. Бір сәт болса да жаныңды жадыратар көңіл – күй сыйлаймыз деген зор сенімдеміз. Жақсылық жасау имандылықтың, тәрбиеліктің, парасаттылықтың айқын көрінісі. Жақсылық жасау әрбір адамның парызы – деп білеміз.

 

1.     «Жақсылық  - жан жадыратады» атты шағын концерттік бағдарлама көрсету.

           Оқушылардың концерттік бағдарламаға дайындық жұмыстарын жүргізді. Оқушылар мен сынып жетекші және «Өзін – өзі тану» пәні мұғалімі біріккен  түрде концерттік бағдарламаға дайындалды. Арғынбай Ләззаттың көңіл күйінің көтеріңкі болуына атсалысып, жүрек жарды тілектер дайындалды. 5«В» сынып оқушыларының саналы түрде Ләззатқа мейірімділік, қамқорлық жасап, оған сүйіспеншіліктерін арнап осы кездесуде жанға жылу сыйлар тілектерімен, жүрек тебірентер ән-күйлерімен, билерімен, сахналық көріністерімен, рухани-адамгершілік тәрбиелерінің жоғары екендігін көрсетеді.

Шағын

концерттік  бағдарлама

Концерттік  бағдарламаның тақырыбы: «Жақсылық - жан жадыратады»

Жүргізушілер: Аянәлі Арай

Аянәлі:

Өмір сүруге «асық»!

Бақытты болуға «асық»!

Жақсылық жасауға «асық»!

Өзгені бақытты етуге «асық»! – дегендей біз бүгін бір сәт болса да сыныптасымыз әрі досымыз Ләззатқа бақыт сыйлауға асықтық.

Арай: Иә Ләззат ендеше достарыңның саған арнаған ізгі ниеттерімен әзірлеген шағын концерттік бағдарламамызды қабыл алғайсың.  

 Аянәлі: Олай болса сыныбымыздың

күміс көмей әншісі Бақытжан Мөлдірдің орындауындағы «Мереке»әнімен концертімізді бастаймыз.

(Мөлдір әнін орындап аяқтаған соң Ләззатқа өзінің тілегін айтып, өз қолынан жасаған сыйлығын табыстайды.)

Арай: Жақсы  адам  көңілі - күн,         

    Жанға  сәуле  түсірген.                

  Талпын   жақсы  болуға,           

  Күндей  сәуле  шашатын.

Аянәлі:   Білім  іздеп,  өнер  тап,                        

Түнді  күндей  ашатын.  

Толған  айдай  жан  болсаң,

Толсын  ақыл  ішіңе.

                 Қапта жатпас  таза  алмас,

                 Шығар бір  күн  жарқ  етіп. - дей келе сыныптас достарыңның өзіңе арнаған ақ тілектеріне кезек берейік:

(Ұлдар: Қадыр, Шернияз, Нұрсултан, Арман, Ерасыл )

Автор: Ерасыл Бақыт жайлы пікір айтып қызулы топ таласты
Бірі оны үйден іздеп, бірі қырдан әрі асты.

Бірі айтады:

Шернияз:   Бақыт деген - барлық байлық емес пе?
Керегінше киіп, ішсең «бақыттысың» демес пе?

Автор: Ерасыл
Бірі айтады:

Арман: «Жоқ, бақыт деген – қолың жетпес мансап қой»
Жұрттан гөрі жүрсең ерек, соның өзі жақсы ат қой.

Автор: Ерасыл

Бірі айтады:

Нұрсултан: «Бақыт деген - жүйрік мініп той тойлау»
Ісің болмай күйбеңменен, қарның тойса, қарт ойнау.

Автор: Ерасыл

Бірі айтады:

Қадірбек: «Бақыт деген - адал жар мен перзент қой!»
Ынтымаққа ырыс келген, ол да саған келмек қой.

Автор: Ерасыл

Пікірлердің таласына осылай мен жолықтым
Бақыт адам баласына келмес оңай соны ұқтым.
Безбеймін мен баладан да, байлықтан да, жардан да
Мансап жетпес бар адамға үлестіріп алғанда.
Үміт үзбей іздейді олар, таңдап сол бір уақытты,
Оны алыстан іздемелік, жүректен тап бақытты!-

(Ләззат біз саған бақыт тілейміз – деп барлығы бірге қолдарын ұстасып жоғары көтеріп, сыйлықтарын ұсынады). Сыныптастарының барлығы қол шапалақтайды.

Арай: Жақсылық көрсең  біреуден,

«Мен  қандаймын ?» -деп  ойла.

Жамандық көрсең  біреуден,

«Мен  қандаймын?»-деп  ойла – дегендей біз өзіміздің әр басқан қадамымызға жауаптымыз. Жақсы іс істеу адамзаттың барлығының да парызы деп есептейміз.

Аянәлі: Иә Арай сөзіңнің жаны бар ендеше мың бұралған биші қыз ұлдарымыздың «Арида» биіне  кезекті берейік.

(Қыздар билеп болған соң Ләззатқа өздерінің жүрек жарды тілектерін айтып, сыйлықтарын табыстайды)

Аянәлі:

       Жақсы болу өзіңнен,

      Жаман  болу  өзіңнен.

      Өзіңді  өзің  ая  да,

      Өзіңнен  үйрен  өзіңнен – деген сөз бар.

Арай: А, Аянәлі мен сенің не айтқың келіп тұрғанын білдім. Сен біздің «Өзін – өзі тану» апайымыздың

«Адамның әркез ойлаған ойы, сөйлеген сөзі, істеген іс – әрекеті бірдей болуы керек. Егерде адамның ойы басқа, сөзі басқа, істеген ісі басқа болса, ол – адам ешқашан жақсы адам бола алмайды» - деген сөздерін айтқың келіп тұрғой иә.

Аянәлі: Ой, Арай сен сондай ақылдысың расында да мен де осыны айтқым келген. Себебі біз ойымызды, сөзімізді, ісімізді жақсы ниетпен ұштастырып отырмасақ ешқашан ешкімге мейірімділік таныта алмаймыз.

Арай: Олай болса өздерінің ізгі ниеттерімен Ләззат досымызға жақсы көңіл – күй сыйлау үшін достарымыз «Арыстан мен тышқан» ертегісін сахналамақшы.

(Қатысушылар: Автор, арыстан, тышқан, екі аңшы)

 

Арай:

Өзіңді  өзің  қолыңа  ал,

Өзіңсің  ақыл айнасы.

Тиеді  саған мәні  бар,

Өзіңді тану   пайдасы – дегендей, бүгінгі біздің Ләззат досымызға өзіміздің жақсы ниетімізді, ақ тілегімізді білдіріп, шағын кеш ұйымдастыруымыз «Өзін – өзі тану» пәнінің пайдасы деп білеміз.

Аянәлі:

Иә «Өзін – өзі тану» пәні арқылы біз өмізді танып ғана қоймай өзгені де өмірді де тіпті табиғатты да танып білудеміз. Сонымен қатар өзіңе де өзгеге де жақсылық жасау адамды адамгершілікке тәрбиелеп, жаныңды нұрландырып, жүрегіңді ізгілендіретінінде осы пәннен үйреніп келеміз.

Арай:

«Жақсы мінез – бүкіл өміріңнің сарқылмас байлығы» деген сөз бар. Олай болса біз пейілі ақ парақтай, мінезі жібектей досымыз Ләззаттыңда тілегіне кезек берейік. 

 (Ләззатқа сөз кезегі беріледі)

Арай:

Биік  төбеге  шықсаң,  

Көзің  ашылады.

Жақсыменен  сөйлессең,

Көңілің  ашылады – демекші біз бүгін жаны жайсаң, жүзі жылы Ләззат досымызбен жүздесіп бір марқайып қалдық.

Бүгінгі кеш барлығымызға зор қуаныш сыйлады.

Аянәлі:

Ендеше өмірімізге зор қуаныш сыйлаған бүгінгі кештің құрметіне барлығымыз бірге  «Өміріңе немқұрайлы қарама» әнін шырқайық.

(Ләззатты ортаға шақырып, барлығы бірге шырқайды)

Аянәлі:

     Жақсылығымыз  жақын  болсын!

     Жаманды  жуытпа,  жақсыны  ұмытпа!

     Жақсы  сөз – жарым ырыс!

Арай:

    Жақсының  жақсылығын  айт  нұры  тасысын!

    Жақсыға  жамандық  жуымайды!

  «Жақсылық - жан жадыратады»– деген қазақтың қанатты сөздері қандай керемет.Осындай ұлағатты сөздерімізді жүрегімізге түйіп айналамызға жақсылық жасай жүрейік! Осымен біздің Ләззаттың құрметіне арнап ұйымдастырған шағын кешіміз аяқталды. Ләззат біз саған зор денсаулық, бақыт тілейміз!

Аянәлі: Назарларыңызға рахмет!

Арай Аянәлі екеуі бірге Қош сау болыңыздар!

(Барлығы бірге Ләззатты ортаға алып фотоға түседі)

 

 

 

 

                                               

Жауапты мұғалім            Мұрат Замира

Директор                           Бейсембаева М.С .

 

 

 

                Іс – шараның 

жүзеге асуына жауапты маман:  Ақмола облысы Шортанды ауданы

 Шортанды №3 қазақ орта мектебінің «Өзін

– өзі тану» пәні мұғалімі Мұрат Замира

Эль адрес: akm_zamira@mail.kz

тел:

87753678556

дом

тел: 87163121600

Просмотров: 1063


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст