5-6 сынып оқушыларына арналған математикалық «Алтын сақа» олимпиадасы
Мектебімізде 5-6 сынып оқушыларына арналған математикалық «Алтын сақа» олимпиадасының мектепішілік кезеңі өтті.
Олимпиаданың мақсаты – мектеп оқушыларының жоғары деңгейдегі олимпиадаларға дайындығын жақсарту және пән бойынша ерекше қабілетті балаларды анықтау, олимпиада резервін қалыптастыру.
Олимпиаданың қорытындысы бойынша жеңімпаздар марапатқа ие болды.
І-дәрежелі дипломдармен:
6 “А” сынып оқушысы Бақытқан Жібек пен 5 “А” сынып оқушысы Октябрьұлы Біржан марапатталды.
ІІ-дәрежелі дипломдармен:
5 “А” сынып оқушысы Рустамали Наима мен 6 “А” сынып оқушысы Ерманатқызы Аяулым марапатталды.
ІІІ-дәрежелі дипломдармен:
5 “Ә” сынып оқушысы Жолшыбай Нұрәли мен 6 “А” сынып оқушысы Болат Пәриза марапатталды.
Құттықтаймыз!
