Сауытбаева Айымгуль Бейбитшиликовна –1 деңгейлі мұғалім, бастауыш сынып мұғалімі. Шортанды №3 қазақ орта мектебі | ||
Формасы: |
Коучинг | |
Сабақтың тақырыбы: |
Әдебиет сабақтарына сын тұрғысынан ойлау технологиясының тиімділігі | |
Мақсаты: |
Сыни тұрғыдан ойлау стратегияларының қазақ әдебиеті сабақтарында қолдану тиімділігін ашу. Сыни тұрғыдан ойлаудың әдіс-тәсілдерімен таныстыру. | |
Оқу нәтижелері: |
Мектеп мұғалімдерін оқушылардың сыни түрғысынан ойлауын дамытуды ынталандыру барысындағы тиімділігін қарастыру. | |
Түйінді идеялар: |
сыни тұрғыдан ойлау стратегиялары | |
Пәнаралық байланыс |
Қазақ әдебиеті пәні: Сайын Мұратбеков «Жусан исі», Мұхтар Әуезов «Көксерек». | |
Әдіс-тәсілдер: |
әңгімелесу, ауызша әңгімелесу, ойға шабуыл, суретті талдау, сұрақ-жауап, ассоциация, мәтінмен жұмыс, ppt. презантациясы, қорытынды рефлексия, формативтік бағалау. | |
Терениг барысы:
|
Жұмыс түрлері |
Бағалау формасы: |
1 тапсырма: Топтарға бөлу. Шарты: Мұғалімдер стикерлерге жапсырылыған әртүрлі гүлдер мен жыртқыштардың суретін алу арқылы 4 адамнан топтарға бөлінеді (құмырадағы жинақ гүл, аңдар бейнеленген суреттер) Ескерту: Егерде мұғалімдер саны көп болса, бірнеше топтарға бөлінеді, ал мұғалімдер саны аз болса, екі топқа бөлінеді. |
| |
2 тапсырма: «Сынап көр» Шарты: Өздері алған стикерлердегі суреттер бойынша өз ойларын жазу. Мысалы: гүл түскен адам, сол туралы өзі арқылы сыни баға береді. Аю түскен адам сол туралы өзіне сыни баға береді. Осылайша қысқаша «сын жазба» жазып шығады. Көмекші тірек-сызба: · Түскен заттың аты. · Оның саған түскен себебі. · Ұқсастықтарың (мінезіңіз, қайраттылығыңыз, сезімталдағыңыз) · Айырмашылықтарың (мекен ету ортасы) |
«Бағдаршам» арқылы | |
3 тапсырма: «Миға шабуыл» Шарты: Экрандағы слайдты көріп, сол бойынша ассоциация жинау. (онда суретті слайд, жалғыз-жетім қалған сәби, жануарлар төлдері, солардың өмірі) Жинаған ассоциацияны бойынша ашық пікірталасқа түсу. (өтетін тақырыпты айтып кету) |
«Смайликтер» арқылы | |
4 тапсырма: Мәтінмен жұмыс. «Джиксо» Шарты: Берілген мәтінді топтарға тарату. Бір топта алты адам отырса, үшеуіне «Көксерек», қалған үшеуіне «Жусан исін» беру. Оқып болған соң өзара талдап, қарсы отырған басқа мәтін оқыған топ мүшелеріне айтып береді. Айтып болған соң өз тобының мүшелері бағалайды. Ескерту: Көксеректі айтқан үш мұғалім, келесі екінші топқа «Жусан исін» айтады. «Жусан исін» айтқандар, бірінші топқа «Көксеректі» айтады. (айтқан мұғалімдерге сол топ баға қояды,соңында өз тобындағы алған бағаларымен қосып, нәтижесін шығарады) |
«Критеийалды» бағалау 1.Мәтінді толық жеткізе білуі; 2.Сөйлеу мәнері; 3.Сезіммен жеткізуі;
| |
Сергіту сәті: Шарты: Мұғалімдерге қағаздар таратылады, сол таратылған қағаздарды бастарына қойып, көршісінің көңіл күйін бейнелейді. Салған суреттеріне өздері баға береді. |
| |
5 тапсырма: «Шыңда» Шарты: Жазушылар туралы түсініктеме. Мұғалімдерге мәтіндегі сол замандағы қоғам келбеті мен осы замандағы қоғам суреттерінен постер құру. Авторлардың сол мәтінді жазудағы ойы. Көксеректі алып Мұхтар Әуезов нені ашып айта алмады. Жусан исі мәтініндегі Сайын Мұратбековтік айтпақ болған ойы. Ескерту: Кино лентасындай етіп, не болмаса Суретті альбом паратқары етіп жасауға болады. |
«2 жұлдыз, 1 тілек» | |
6 тапсырма: «Салыстыру» Шарты: Венн диаграммасына салу. Айырмашылықтары мен ұқсастықтарын анықтау. Ортақ қасиетін табу. |
«Бағдаршам» арқылы | |
7 тапсырма: Шарты: Мәтін тақырыбын алып, екі топ 5 жолды өлең құрады. |
«Смайликтер» арқылы | |
8 тапсырма: «Диалог» Шарты: Әр топ мүшелері өздері оқыған мәтіндегі кейіпкерлерге диалог құрады Құрмаш пен Көксерек Аян мен Жусанды дала (туған жер) |
«2 жұлдыз, 1 тілек» | |
9 тапсырма: «Рефлексия» Шарты: өтілген коучинг бойынша коучқа баға беру, өз ойларын ашып айту. Ашық пікірталас: · Қандай модульдер болды? |
«2 жұлдыз, 1 тілек» | |
Дереккөздер мен пайдаланылған әдебиеттер: |
www.youtube.com. МАН-41 бет |