«Алтын күз» қолөнер байқауы

27.10.2026
Мектебімізде «Еңбегі адал – жас өрен» жобасы аясында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, еңбекке баулу және табиғаттың әсемдігін бағалай білуге тәрбиелеу мақсатында «Алтын күз» қолөнер байқауы ұйымдастырылды.
Байқауға 0–8-сынып оқушылары белсене қатысып, күз мезгілінің ерекше көріністерін бейнелейтін сан алуан қолөнер бұйымдарын ұсынды. Оқушылар табиғи материалдарды, күзгі жапырақтарды, жемістер мен көкөністерді пайдалана отырып, өз қиялдары мен шеберліктерін көрсетті.
Әрбір жұмыс оқушылардың ізденісін, шығармашылық ойлау қабілетін және еңбекке деген сүйіспеншілігін айқын танытты. Түрлі түсті жапырақтардан жасалған композициялар мен ерекше сәндік бұйымдар күздің сұлулығын паш етіп, көрмеге ерекше көрік берді.
Осындай шығармашылық іс-шаралар оқушылардың қолөнерге деген қызығушылығын арттырып, ұқыптылыққа, еңбексүйгіштікке және табиғатты аялауға тәрбиелейді.
«Еңбегі адал – жас өрен» жобасы аясындағы «Алтын күз» байқауы – оқушылардың таланты мен шығармашылығын шыңдайтын, еңбекті бағалауға үйрететін тағылымды шара болды


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу