"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ШОРТАНДЫ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ ШОРТАНДЫ КЕНТІНІҢ № 3 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ    
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА № 3 ПОСЕЛКА ШОРТАНДЫ ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО ШОРТАНДИНСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Жүз кітап» жобасы

21.12.2017

Шортанды ауданы

«Шортанды  №3 қазақ  орта мектебі» ММ

       

Тақырыбы:

«Жүз кітап»

жобасындағы «Мен апаның баласымын»

   

 

Орындаған:  Қасен Нұрғайша

5 «А» сынып 

   

                                                                                                                              Шортанды 2017 жыл

«Жүз кітап» жобасының 5 «А» сынып Әлдихан Қалдыбаев «Мен

апамның баласымын»  сценарийі

 

Мақсаты:  Білімнің кілті кітап арқылы берілетінін ұғындыру; білімді болуға баулу. Білімнің адам өміріндегі маңызы туралы түсіндіру. Кітапты күтіп, оны таза, ұқыпты пайдалануға үйрету.

Көрнекілігі: видеоролик.

Кітаптың авторы: Әлдихан Қалдыбаев

Кітаптың атауы :  «Мен апамның баласымын»

5 «А» сынып жетекші  Қасен Нұрғайша

 

1-жүргізуші:  Армысыздар, қонақтар, балалар! Бүгінгі «Мен апамның баласымын» ашық ұйымдастырылған оқу іс - әрекетін Ахмет Байтұрсыновтың өлеңімен бастауды жөн көрдім.

Балалар, бұл жол басы даналыққа

Келіңдер, оқып байқап қаралықта.

Бұл жолменен бара жатқан өзіңдей көп

Соларды көре тұра қалалық па?

Даналық өшпес жарық, кетпес байлық

Жүріңдер, іздеп тауып алалық та.

2-жүргізуші: Кешімізге қош келіпсіздер!

 

Қатысушылар:

5 «А» сынып оқушылары.

 

1-жүргізуші:

Кейбіреулер ерігіп, бос жүруден зерігіп

Бетімді менің ашады, әңімеге басады

Жолдарымда сызады, шырқымды дабұзады

Онымен іс бітпейді, беттерімді бүктейді

Көп жерімді жазады, қайшыменен қияды

Налымаймын неге мен, бұл секілді пендеге.

 

- дей келе қысқаша Әлдихан Қалдыбаевтың өмірбаяны туралы мәлімет тыңдаңыздар.

 

  2-жүргізуші:

   «Мен апамның баласымын » және автордың өмірбаяны  шығу тегіне тоқталып өтсек. Интер белсенді тақтадан «Әлдихан Қалдыбаевтың Мен апамның баласымын» кітабының  шығу тегі туралы слайд  көрсетіледі. Ұзақтығы: 3 минут

 

1-жүргізуші:

Тәуелсіз Қазақстан – ұлы Отаным,

Көк туымды қалайша құлатармын.

Тып-тыныш тұрып жатқан жайымыз бар,

Бәріміз баласындай бір атаның.

Ортада 5 «а» сыныптың  «Мен апамның баласымын» атты кітаптың мазмұны қысқаша  көрініс.

  Автор:

Біз жақта әжені "апа" дейді. Солай айта берейін. Мен апамның баласы болып өстім. Алты айлығымда алған екен мені.

Апам Махфуза - он екі баланың батыр анасы. Атам ертеректе қайтыс болыпты. Өз әке-шешем екі ініммен басқа көшеде тұрды. Оларды, ата-әжелері бауырына басқан көпшілік балалар секілді, мен де мойындамайтынмын. Әлі күнге,  жасым жиырма бестен асса да, салқын мойындап, парызым болғандықтан қамқорлық көрсетуге тырысқаныммен, аттарымен атап, жатырқауым басылған емес. Бұл менің еркімнен тыс нәрсе. Мендегідей жағдайда өскендер түсінеді деп ойлаймын. Еміс-еміс естеліктер...  Апамның қаладағы әпкелеріме 2-3 күнге кетіп бара жатқан кезі жадымнан өшпес, сірә... Неге өйткенін білмеймін, мені өзімен ертпеді сол жолы.

 

Ажар: Апа кетпеші, мені де ала кетші. Мен де барайыншы, мені тастамашы-деп жылайды

 

Автор: Сол сәт, апам қаладан келгенше елегізіп күткенім есіме түссе әлі күнге көзіме жас оралады. Бірініші сыныпқа апам жетектеп апарды. Сыныпқа кіргізді де, көзімен шолып шығып, қолымнан жетектеп бір ақ бантикті сүйкімді қыздың қасына әкеп отырғызды.

 

Мұғалім:Сәлеметсіздер ме? Оқушылар. Менің аты-жөнім Мыңбосын Лаура. Мен сабақ бастамай жатып, сендерге

бір жаңалық айта кетейін. Қазіргі дәрілердің арасында емдік қасиеті мол дәрі бар. Ол пенициллин. Мен оны 100 теңгеден құтыға құйып сатамын.

 

Авторы: Апамнан жүз теңге алып, ауылдың екінші басындағы сол кісінің үйіне бардым. Күйікке керек еді деп

едім, мұғалімім қалай пайдалану керектігін айтып жіберді. Осыны жақсақ апамның қолының жарасы жазылар деген үмітім ақталды. Екі-үш күнде жарасы мазалауын қойды, кетіп қалды. Қуанышымды айтпай-ақ қояйын. Бірақ, апам мені еркелеткені сонша, қыз балаға керек өнерлерді желкелеп  отырып үйретуді білмепті. Шұлық тоқуды үйреніп алғанымда ғой деп өкінемін.Керек десеңіз, ыдыс жудырмайтын. Әйтеуір даланың жұмыстарын меңгеруді білдім. Қар күреу, қора тазалау, малды суару секілді. Себебі, ағам жоқта оларды атқаруға апамның аяғы жарамайтын. Тәрбие жөніне келсек, апам құлағымның құрыш етін жеп ақыл айтқан емес. Тек кішкентай кезімде бір кейігені өмірлік сабақ болған шығар. Үйдегі жеңгем есік алдында отырғанда бір көрші апай біздің үйдің алдынан өтіп кетті. Дәріні алып келіп, әжесінің қолына жағады.

 

Әже: Рахмет ботақаным, алтыным менің- деп маңдайынан сүйеді. Асыраушым менің, құдайдың бере салғаны-

деп құшақтайды.

 

Авторы: Осылайша менің балалық шағымның естеліктері жаңғырып есімде мәңгі қалды. Қайта, бұл өмірлік

баянымның ең бір мақтанышпен айтатын, мен үшін ыстық бөлігі.

 

2-жүргізуші: «Жүз кітап» жобасының келесі кезегін салтанатты түрде 1 «Ә» сыныбына ұсынамыз.

 

Жүргізушілер: келесі кездескенше сау болыңыздар!

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотров: 1295


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Әлеуметтік желілер

Текст