Текст
2018 жылы қаңтар айының 3-6 күндері аралығында Жамбыл облысы Шу ауданы әкімдігі білім бөлімінің ұйымдастыруымен өткен «Алаш үкіметіне 100 жыл» тақырыбындағы республикалық ғылыми-практикалық конференциясына мектебімізден 4 мұғалім қатысып, жүлделі орындармен оралды. «Алаш қозғалысына 100 жыл» тақырыбында шеберлік сыныптарын жоғарғы деңгейде ұйымдастырғаны үшін технология пәні мұғалімдері Т. Билдихан «АЛАШ ҰСТАЗЫ» төсбелгісімен марапатталса,Т. Хабалгажы І дәрежелі дипломмен марапатталды. Тарих пәнінің мұғалімі Н. Қасен және А. Баделхан «Алаштану» бойынша шеберлік сыныптарын ұйымдастырды. Нәтижесінде аталған ұстаздарда І дәрежелі дипломмен марапатталды.