Апталық

"Ең мықты Дегустатор"

      "Жаратылыстану ғажайыптары" атты биология, химия, физика апталығының жоспары негізінде биология пәнінің мұғалімі Айят Цэрма "Ең мықты Дегустатор" атты сыныптан тыс сабақ өткізді.

         Іс-шараның басты мақсаты -дегустация мамандығының барын, оның қызметін оқушыларға таныстыра отырып, пәнге деген қызығушылықты дамыту.

         Ic-шараға 9-11 сынып оқушылары қатысты. Әр сыныптан 2 оқушыдан барлығы 10 оқушы қатысты.

       Сайыс 3 кезеңге бөлінді. Әр кезеңнің нәтижесі бойынша ұпай саны аз оқушылар ойыннан шығарылды. Финалға 4 оқушы қатысты. 10 сынып оқушысы -Ерлан Бекзат Алғыс хатпен, 9 «Б» сынып оқушысы Ербол Айдар 3 орын, 11 «Б» сынып оқушысы Оразбаева Ұлжан  2 орынға ие болды.

1орынды 9  «А» сынып оқушысы Мардан Әсел жеңіп,  финалда "Ең мықты Дегустатор" атағын жеңіп алды.