«ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» — ЖАЙДАРМАН СAҲНАСЫНДА!

16.10.2026
«ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» — ЖАЙДАРМАН СAҲНАСЫНДА! 🎭✨
15 қазан күні мектебіміздің базасында «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында «Заң мен тәртіп» тақырыбына арналған Шортанды аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен өнерлі де тапқыр жастардың Жайдарман ойыны өтті!
Шортанды ауданының түкпір-түкпірінен жиналған 12 үздік команда сахнада өзара бақ сынасып, ұтқыр әзілдерімен, жоғары дайындықтарымен және сахналық мәдениеттерімен көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
🔥 Мектебіміздің құрамалары жоғары нәтиже көрсетті: 🥉 «Шок қыздар» командасы өзіндік ерекше стилімен көзге түсіп, жүлделі ІІІ орынды қанжығасына байлады! 🏆 Ал «№3 мектеп арландары» командасы белсене қатысқаны үшін сертификатпен марапатталды!
Оқушыларымыз бен жетекшілерін жарқын жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз! Өнерлеріңіз өрлей берсін, жаңа белестерді бағындыра беріңіздер!
Просмотров: 129


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу