"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ШОРТАНДЫ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ ШОРТАНДЫ КЕНТІНІҢ № 3 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ    
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА № 3 ПОСЕЛКА ШОРТАНДЫ ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО ШОРТАНДИНСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

9-11 сынып оқушыларының олимпиадасы

Аудандық олимпиада

         "Білім алудың тамыры ащы, бірақ жемісі тәтті" деп Аристотель айтқандай жастарымыздың білімді болуы қоғамымыздың жарқын болуының кепілі десек болады. Әр жас буынның білімді, саналы адам болуы үшін білім беру саласы мен ұстаздардың көксеген мақсаттарының ұштасуы арқылы аудандық пән олимпиадасы 5-6 желтоқсан күндерінде өтті.Жүзден жүйрік болып ,үздік орындарға ие болған оқушылар аз емес.

Атап өтсек:

 Орыс тілі пәнінен 9 «А» сынып оқушысы Мардан  Әсел 1 орын, 10- сынып оқушысы Кенжебай Арман 1 орын, жетекші мұғалімі - М.С.Бейсембаева.

Химия пәнінен 9 «Б» сынып оқушысы Авлайхан Ақбота І орын, жетекші мұғалімі -Зайтхан Нұрлангүл.

Алгебра пәнінен 10 сынып оқушысы Алпыспай Алдияр І орын, жетекші мұғалімі –Асауй Жарқынгүл.

Алгебра пәнінен 9 «Б» сынып оқушысы Аманхаанқызы Данагүл І орын, 11 «А» сынып оқушысы Талас Динасыл  ІІ орын, жетекші мұғалімі- Зайтхан Нұрғали.

Қазақ тілі пәнінен 10 сынып оқушысы Хапар Медина 1 орын ,жетекші мұғалімі -Рашатхан Айнагүл.

Қазақ тілі пәнінен 9 «А» сынып оқушысы Майданбек Мадина ІІ орын, жетекші мұғалімі- Бейілхан Жанаргүл.

Тарих пәнінен  9 «А» сынып оқушысы Аманжол Ақбөпе ІІ орын . жетекші мұғалімі -Қасен Нұрғайша.

Тарих пәнінен  10-сынып оқушысы  Қойлыбай Айжан ІІІ орын, жетекші мұғалімі- Бәделхан Алмагүл.

Физика пәнінен  10-сынып оқушысы  Азамат Айым  ІІ орын, жетекші мұғалімі - Ж.Д. Кабиева

Биология пәнінен 10-сынып оқушысы Чука Күнсұлу  1 орын , жетекші мұғалімі -Айят Цэрма.

Ағылшын тілі пәнінен  Сагиндыкова Сабина ІІ орын, жетекші мұғалімі - Б.С Абылкайырова

Информатика пәнінен  10 сынып оқушысы- Аманжолова Аружан ІІІ орын, жетекші мұғалімі -Озат Жадыра.

География пәнінен  10-сынып оқушысы Нұрғали Көгөлдир  1 орын, жетекші мұғалім- Өнерхан Айнұр

Алдағы сайыстар мен білім додаларында   бұдан да көп оқушыларымыз үздік көрсеткіштерге ие болатынына кәміл сенеміз .Егер біздің шәкірттеріміз білімдерімен топты жарып шығып жатса, ұстаздың еңбегі бекер емес, көздеген нысанаға дөп  тиюде деп нақты айта аламыз. Ұстаз білім беруге , оқушы білім алудан жалықпасын дегім келеді.

 

 

 

Жаңартылған күні: 24.01.2020 13:22
Құрылған күні: 19.08.2024 23:07

Әлеуметтік желілер

Текст