«БІР ӘРІП – МЫҢ МҮМКІНДІК» СӨЗ САЙЫСЫ ӨТТІ!
«БІР ӘРІП – МЫҢ МҮМКІНДІК» СӨЗ САЙЫСЫ ӨТТІ!
10 қараша күні қазақ тілі мен әдебиеті апталығы аясында Бейілхан Жанаргүл мұғалімнің ұйымдастыруымен 6 «А» және 6 «Ә» сынып оқушылары арасында «Бір әріп – мың мүмкіндік» атты қызықты сөз сайысы өткізілді.
Сайыстың мақсаты – оқушылардың сөздік қорын молайту, тіл байлығын дамыту, сөз таптарын ажырата білуге және мақал-мәтелдерді орынды қолдануға баулу.
Ойын шарты бойынша қатысушыларға бір әріп беріліп, сол әріптен басталатын:
• 5 зат есім;
• 3 сын есім;
• 3 етістік;
• 2 мақал;
• 1 жер-су атауын табу тапсырылды.
Оқушылар белсенділік танытып, шапшаңдықтарын, тапқырлықтары мен білімдерін ортаға салды.
Сайыс қорытындысы бойынша ең көп әрі дұрыс жауап берген 6 «Ә» сынып оқушылары жеңімпаз атанды!
Жеңімпаздарды құттықтаймыз! Барлық қатысушыларға белсенділіктері мен қызығушылықтары үшін алғыс білдіреміз!
Тіл байлығы – ұлт байлығы! Сөз өнеріне деген құштарлықтарыңыз арта берсін!
