«Биология әлеміне саяхат» атты танымдық сайыс сабағы

«Химия-биология» апталығының жоспарына сай оқушылардың биология пәніне деген қызығушылығын арттыру мақсатында 7-сыныптар арасында биология пәні мұғалімі Зайтхан Айсұлудың ұйымдастыруымен «Биология әлеміне саяхат» атты танымдық сайыс сабағы өткізілді. Оқушылар өте белсенді қатысып, нәтижесінде 7 “А” сыныбы жеңіске жетті. Сонымен қатар көрермен оқушылардың арасынан логикалық сұрақтарға жауап берген оқушыларға тәтті сыйлықтар берілді.