«Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі Шортанды кентінің №3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная школа №3 поселка Шортанды отдела образования по Шортандинскому району управления образования Акмолинской области»

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жаңа жыл ертегілері 2016

10.01.2017

« Қош келдің жаңа жыл – төрімізге !!! »

Жаңа жыл – әлемдегі қуанышқа толы ең ғажайып мерекелердің бірі. Жаңа жыл сиқырлы, әрі қайталанбас таңғажайып мереке. Бәріміз келе жатқан жаңа жылдан жарқын ертегі, жаңа бақыт күтеміз.Сол секілді біздің балабақшаның балалары да жаңа жылдаң көптеген сиқырлар мен таңғажайып сәттер күткен болатын. Желтоқсан айының 28 жұлдызында «Айналайын» шағын орталығының балаларына «Қош келдің жаңа жыл төрімізге » атты ертеңгілігіміз өткен болатын. Ертеңгілік ата – аналармен әкімшіліктің бағалауына қарағанда өте жақсы деңгейде өтті.

Ертеңгіліктің мақсаты: Балаларға «Жаңа жыл» мерекесін дәстүрлі емес жолмен мерекені өткізуге үйрету.

Білімділік: Жаңа жыл туралы тақпақтарды айтқыза отырып, олардың өткен жыл мен келер жыл туралы білімдерін тиянақтау.

Дамытушылық: Балалардың есте сақтау қабілеттерін дамыту, ой өрістерін кеңейту.

Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, тазалыққа, жауапкершілікке, көпшілік ортада тәртіпті, инабатты ұстауға тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс: Музыка, тіл дамыту, айналамен танысу, би өнері.

Көрнекілігі: Сиқырлы таяқшалар, әсемделген шырша, қыс суреті, ойын өткізуге арналған құралдар.

Кейіпкерлер:

1. Мыстан – Алмагүл апай

2. Клоун – Нұргүл апай

3. Ескі тауық жылы  – Әсия апай

4. Ескі маймыл жылы – Гульмира апай,Күміс апай

5. Аяз ата – Руда апай

6. Ақшақар – Индира апай

Жүргізілген топтар: «Күншуақ», «Бәйтерек», «Балапан».

Ертеңгілік барысы: Музыка залында ата – аналар, қонақтар жиналған зал қыс бейнесімен және де әсем көрікті шыршамен әсемделген.

Клоун: «Жүзімізге күлкі ойнап

               Қанаттанды жанымыз

               Жаңа жылды біз тойлап,

               Шаттанамыз бәріміз.» -

дей отыра өнерлі де, ақылды достарым «Айналайын» ауылының тұрғындарын ортаға шақырайық.

-Балалар қараңдаршы, қандай әсем шырша. Әдемі моншақтарын тағып алып, сіздерді күтуде. Қане көрікті шыршамызға арналған әнімізді айталық.

Ән: « Жаңа жыл »

Клоун: -Әй, мынау ненің құйрығы? – деп қолымен тартады. (Шыршаның артынан біреудің құйрығы көрінеді).

Бір кезде маймыл шығады.

Клоун:  ААА, маймыл, сен екенсің ғой, білдім-білдім сен мына сандықты тесіп, ішіне кіргің келіп жүр ғой, солай ма?

Маймыл: Ия, ішінде не бар екенің білейін деп ем, иісі мұрынымды жарып бара жатқаны.

Клоун: Онда сыйлықтар бар, бірақ ол жабық, кілті де көрінбейді, мүмкін Аяз атада болар. Сандықта хат қыстырылып тұр ғой. «Сандықты ашылуы үшін өлең, таппақ айтып, би билеу керек,балалар »- деп жазылған. Балалар барлық өнерлерімізді тамашалау үшін кімді шақырамыз ортаға.

Хорман: Аяз ата – ақшақар (Аяз атаның орнына мыстан кіреді)

Клоун: Сен мүлде аяз атаға ұқсамайсын ғой, жо-жоқ сен аяз ата емессің.Балалар бұл аяз ата ма?

Мыстан: Жарайды, жарайды мойындаймын, мен аяз ата емеспін, бірақ мен ормандағы ең жақсы кейіпкермін.

Клоун: Сен біздің ертеңгілімізге қатысқын келсе неге мына әднмі қыз секілді әдемі көйлегінді кейіп келмегенсің.

Мыстан: Ха – ха кім айтты менде әдемі көйлек жоқ деп. Мендеде бар ондай көйлек. (әкелген сумкасынан көйлегін шығарады.)

Клоун: Ой бұл көйлегін қашаннан бері бар, (Осы кезде маймылдар шулап тағыда сандыққа таласады.)

Мыстан: Бұл не айқай?. Қане кетіңдер. Бұл жерден деп тышқандарды қуады.Бірақ ұстай алмайды.

Маймылдар: Ия, саған, армандамай – ақ қой, біздің жылымыз әлі аяқталған жоқ, кетсең өзің кет. Сандықты біз бірінші таптық.

Мыстан: Мен онда осы жаңа жылдың иесі – Тауықты шақырайын.

Тауық: Сәлеметсіңдер ме, менің достарым. Жыл он екі ай айналып мен қайтадан келдім сендерге. Өзім мен бірге мен шөжелерімді ала келдім. Солардың өнерін тамашалаңдар.

Би: Шөжелер

Тауық: Мыстан кемпір сен ренжіме, оданда мен не тауып алғанымды қара- деп кілтті көрсетедлі.

(Бұл сандықтың кілті шығар деп- маймыл жұлып алып қашады. Мыстан қуа жөнеледі.)

Клоун: Тоқтаңдар: Сендерге не болған бүгін мереке ғой, қош келдіңдер біздің мерекеге. Енді кілтті маған беріңдерші, сандықты ашып көрейін. Сандық ашылмайды. Осы кезде Ақшақар кіреді.

Ақшақар: Сендер мұнда не істеп жатырсыңдар?

Клоун: Ой, Ақшақар, қош келдіңіз. Біз сізді байқамай қалыппыз.

Ақшақар балалармен,

қонақтармен амандасады.

Клоун: Ақшақар, бәріміз мына сандықты аша алмадық, мүмкін сен білерсің?

Ақшақар: Әрине,білем.Бұл сандықты тек Аяз Ата ғана аша алады.

Тауық: Ақшақар, мен кілтті тауып алдым, сен білесің бе бұл ненің кілті?

Ақшақар: А-а, бұл менің кілтім ғой, жоғалтып алып едім. Бұл кілт маған достар табуға көмектесетін, сондықтан менің достарым көп, қарандаршы.

Клоун: Ақшақар біздің Аяз атамыз қайда?

Ақшақар: Аяз атамен  балабақшаға бірге кірген болатынбыз, ол адасып жүрген болар қане қатты дауыстап «Аяз ата» деп щақырайық.

Аяз ата: Амансыңдар ма балалар, Сендерді көріп қатты қуанып қалдым.Мынау менің сыйлықтар жинаған сандығым ғой. Бұл сандықта балалар сендерге арнаған сыйлықтарым бар. Бұл сыйқырлы сандық қане ақшақар қызым маған бұл сандықтың құлпын әкелші.Ақшақар қызым сен маған балалардың сыйлықтарын беруге көмектесіп тұршы.

Ән: Шыршаға бардық (Кәусар)

Клоун: Аяз ата шаршаған боларсыз біздің кішкене санта клаустарымыздың биін тамашалаңыздар.

Би: Санта клаус

Клоун: Ал енді Аяз ата сізді балалар қанша күтті енді шыршамызды айналып әнімізді шырқасақ.

Ән: Шырша жыры

Ақшақар: Қане балалар мен сендермен бірігіп бір ойын ойнағым келіп тұр. Өзіме қарсылас ретінде мыстанды шақырсам.

Ойын: (Бимен Буги буги )

Би: Жания мен Жансұлтан

Аяз ата: Қандай керемет.Ақшақар қызым енді балалардың тақпақтарын тыңдасақ.

Тақпақтар

Балапан тобы

Бәйтерек тобы

Күншуақ тобы

Сыйлықтарын тарату

Аяз ата: Балалар мені әлі көпетеген балалар күтіп отыр. Біз ендеше  жолға шығайық. Қош сау болыңдар.

 

Просмотров: 530


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст