«Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі Шортанды кентінің №3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная школа №3 поселка Шортанды отдела образования по Шортандинскому району управления образования Акмолинской области»

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Болашақ мамандық

14.03.2017

Болашақ мамандығым

Мамандық таңдау адамның өміріндегі дұрыс шешім қабылдайтын маңызды кезеңнің бірі.  Яғни мамандық таңдаудан қателеспеу  – өз өміріңнің бір кірпішін дұрыс қалау деген сөз.Таңдаған мамандығыңа сай қабілетің болса, бейімің, икемің, ынта талабың болса – сенің өміріңнің арнасы жақсы жағына бұрылуы мүмкін. Ал егерде-ешқандай қабілетің, қызығушылығың, талабың болмаса – өмірден өз орныңды таба алмай адасып жүргендей күй кешерің анық. 

Мамандық таңдаудан қателесу адамның адамшылығын да жоғалтуы мүмкін. Осы тұста Хоси Хуман Мартидің  «Ең қыйын мамандық ол – адам болып қалу» - деген сөзі еріксіз есіме түседі. Сондықтан да  адам қандай мамандық иесі болса да рухани - адамгершіліктен еш ауытқымауы тиіс. Адам кішкентай кезінде түрлі мамандыққа қызығады, армандайды, ал есейе келе нақты бір шешімге тоқталуына тура келеді. Біз, өз – өзімізге  «Мен кіммін?», «Менің болашағым қандай?», «Мен қалай өмір сүремін?» - деген сұрақтар қоя отырып өмірімізде еш өкінбейтіндей, өз қабілетімізбен икемділігімізге сай кәсіп таңдауымыз қажет. Менің кейбір достарым мамандық таңдауда еш мүдірместен отбасының кәсібін жалғастырғысы келсе, кейбірі дербестікке талпынады немесе өз қалауымен кез – келген мамандықты таңдай салады.  Ең бастысы адамның еңбекке қабілеті зейіні болуы қажет. Сонымен қатар біздің таңдаған мамандығымыз қоғамға пайдалы Отанымызға бағалы үлес қос алатын әрі ақ сүтін беріп өсірген анамыз бен аялы алақаны мен қамқорлығын сыйлаған әкеміздің үмітін ақтарлықтай болуы аса маңызды деп есептеймін. Менің таңдаған мамандығым ақ қалатты абзал жан  дәрігер болу. Бұл мамандыққа бала кезімнен қызығамын, қаншама жыл армандап келемін, қабілетім де, икемім де бар, жан тәніммен жақсы көремін. Себебі осы саланың маманы болсам, адамдардың өмірін сақтап, бақытты  ұзақ ғұмыр кешулеріне себепкер боламын. Осы эссені жазып отырып, шабытым оянып өлең жазуды да жөн санадым.

Ойлаймын неше

түрлі  мамандықты,

Әр саланың сан

қырлары қызықтырды.

Теріс шешім

тағдырыма тым қауіпті.

Білмеймін

қайсы бірін таңдарымды.

Ата-анам таңда

дейді дәрігерлікті,

Жанына шипа

болғың мұқтаж жанның,

Сан түрлі ойға

кеттім сол кездері,

Жан дүнием

қалағандай тебірентті.

Айналды

арманыма содан бері,

Ақ қалатты

абзал жан мейірімді.

Шынында да

дәрігер болсам  бағым жанар,

Ата – анамның

ақ тілегі орындалар.

Сенде тұрма

ерте ойла болашақты,

Кеш қалма таңдауыңды

сарапташы.

Адал еңбек ету

парыз Отаныңа,

Таңдасақта

қайсы бір мамандықты.

 

Шортанды №3 қазақ орта мектебінің

«Жас қаламгерлер» үйірмесінің мүшесі

Бақыт Сымбат

 

Просмотров: 352


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст