«Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі Шортанды кентінің №3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная школа №3 поселка Шортанды отдела образования по Шортандинскому району управления образования Акмолинской области»

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Арыстан мен тышқан

14.03.2017

Арыстан мен тышқан

Автор: Бір күні аң патшасы арыстан орманның мүлгіген тыныштығында ұйықтап жатқан кезде, тышқан келіп, оның үстінен жүгіріп өтпекші болады. Арыстан оянып, тышқанды ұстапалады да...

Арыстан: Сен менің тыныштығымды бұзатындай кімсің?

Автор: Тышқан жалына бастайды

Тышқан: Өтінемін мені жіберші. «Егер мені жіберсең, мен де саған жақсылық жасармын»

Автор: деген сөзіне

Арыстан:Ха, ха, ха, кіп – кішкентай түріне қарамай «жақсылық жасармын»деп қояды ғой,ха, ха, ха. Мына түріңмен маған жақсылық жасап жарытпассың, бірақ бір жолы сені босатайын.

Автор:деп арыстан тышқанды әбден мазаққып күледі де қайта ұйқыға кетеді.

Автор:Осы сәтте екі аңшы ұйқыдағы арыстанның үстінен түсіп...

Аңшылар:О, достым қара мына олжаны. Иә біз үлкен олжаға тап болдық, оны тезірек торға түсірейік.

Арыстан: Ыр, ыр, ыр– деп ақырады.

Аңшылар: Жүр достым, біз бұл арыстанды жақсылап, байлап тастадық, ол енді ешқайда қаша алмайды, біз оны орманнан алып кетуге қамданайық.

Автор:Арыстанның ақырған дауысын естіген тышқан үңгірден шығып, жан – жағына қарап...

Тышқан: Бұл арыстанның дауысы емеспе, оған не болды екен?

Автор: деп жүгіре жөнеледі. Тышқан арыстанның аңшылардың құрығына түскенін көріп, өзінің өткір тістерімен торды қыршып – қыршып, арыстанды құтқарады.

Аңшылар: Ойбай мына арыстан қалай босап кеткен? (аңшылар арыстанмен тышқанды қуа жөнеледі)

Автор: Жақсылық жасау барлығының да қолынан келетін іс екенін түсінген арыстан тышқанға алғысын білдіріп....

Арыстан:  «Кешірші тышқан! Мен сенің жақсылық жасармын деген сөзіңе күлген едім. Ал сен менің өмірімді құтқардың, мен саған мәңгі қарыздар боп өтемін, екеуміз айнымас достар болайық»

Автор: деп арыстан мен тышқанның достығы мәңгілікке жалғасып,жақсылыққа жақсылық жасап бақытты ғұмыр кешкен екен.

Просмотров: 278


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст