«Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі Шортанды кентінің №3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная школа №3 поселка Шортанды отдела образования по Шортандинскому району управления образования Акмолинской области»

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Жақсылық - жан жадыратады»

14.04.2017

«Жақсылық  - жан жадыратады»

 

«Жақсылыққа жақсылық– әр адамның ісі,

Жамандыққа жақсылық –ер адамның ісі»  демекші адамның азаматтық қасиеті өз қара басына емес, басқаға жасаған қайырымдылығымен, парасаттылығымен, жақсылықты қорғауға, ізгілікті қолдауға, жалпы өмірді тануға қосқан қомақты үлесімен өлшенеді. Адам баласы игі ісімен шын мәніндегі азаматтық үлгі – өнегесін басқаға көрсете білсе, сонда ғана рухы бай адам саналмақ.  

Сондықтанда  «Жақсылық  - жан жадыратады» атты тақырыпты басшылыққа ала отырып,  оқушыларымызға

адам ниетінің риясыз таза шынайы болуының маңызын түсіндіре отырып,  жақсылық жасауды іс жүзінде жүзеге асыруды мақсат тұттым. 

Осы орайда денсаулығына байланысты 2 жылдан бері үйден оқытылатын, Шортанды №3 қазақ орта  мектебінің 5 «В» сынып оқушысы  Арғынбай Ләззатты мектепке қонаққа шақырып, өмірге деген құштарлығын,

болашағына деген  жарқын сенімін оятып, ешқашан өзін өзгелерден кем санамауына және өзін жақсы көретін, сыйлайтын, бағалайтын, жан жылуын аямайтын мейірімді жандардың,  бар екендігіне сендіре отырып, достарының

риясыз сүйіспеншіліктерімен әзірлеген сыйлықтарымен  концерттік бағдарламасын ұсыну арқылы қайырымдылық

шара ұйымдастырылды. 

Аталмыш іс – шара барысында 5«В» оқушылары  Ләззатқа ең әуелі рухани ізгі ниеттерін, риясыз сүйіспеншіліктерін білдіріп, мейірімділік танытып, шын жүректен  әрқашан шынайы жақсылық тілейтіндіктерін, оның аман – есен тез сауығып қатарларына қосылуын ақ тілектерімен жеткізді.

Сыныптас достарының өз қолдарынан жасаған әртүрлі сыйлықтары, жүрек жарды тілектері жазылған ашық хаттары және әндерімен  билері, сахналық қойылымдары, ойындары Ләззатқа күш – қуат беріп, жанына нұр сепкендей жүзіне күлкі үйіртіп, қуанышқа кенелте түсті. Ең бастысы ата – ана үшін өз баласының жақсылығын, қуанышын көруден асқан бақыт барма? Ләзаттың да ата – әжесі, ата – анасы, бір сәт болса да оған қуаныш, шаттық сыйлаған Шортанды №3 қазақ орта мектебі ұжымына, осындай керемет кездесуді ұйымдастырған ұстаздарға, 5 «В» сыныбының сынып жетекшісіне және сынып оқушыларына айрықша алғыстарын білдіріп, ақ батасын беріп, жүрек жарды тілектерін білдірді.   Шара соңында...

 

Әрбір батқан күннің, нұрланып атар таңы бар,

Әрбір бұлт торлаған аспанның, жарқырап шығар күні бар – демекші өмірде жақсы мен жаман, ақ пен қара бірге жүреді. Біз бұл өмірдің түрлі сынақтарына төтеп беріп, төзімділік танытып, жақсылыққа ұмтылуымыз керек. Сонда

ғана аяғымыздан тік тұрып, алға қойған арман мақсатымызға жете аламыз. Адам қандай қиындыққа тап болса да жігерін суытпай, сенімін жоғалтпай өмір сүруі керек. Сондықтан да Ләззат саған зор күш қуат, табандылық, төзімділік, қайтпас жігер сенім тілейміз. Біз сені қатты жақсы көреміз, сенің сауығып ортамызға жарқырап аман – есен оралуыңа сенімдіміз, тілектеспіз.

«Жақсылық  - жан жадыратады» дегендей  әрқашан да адамгершілігімізді ту етіп,   кіршіксіз таза ниет, жылы жүрегімізбен қайырымдылық жасап жүрейік! – деген ілтипат, ізгі ниетпен, аяқтадық.

 

Просмотров: 343


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст