Ашық тәрбие сағаты: 9 сынып
Тақырыбы : «Рухани жаңғыру болашақтың жарқын жолы»
Тәрбие сағатының мақсаты:Болашақ ұрпаққа рухани жаңғырудың не екенін Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың халқына жолдаған жолдауынан видое ролик көрсете отырып оқушыларға түсіндіру, патриоттық сананы ынталандырып, ұлттық құндылықтарды жаңғыртуды
Тәрбие сағатының міндетті: Оқушылардың бойына рухани жаңғырудың туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік, еліміздің ғарыштап өркендеп келе жатқан мәдениетін, заманауи жетістіктерін ұлттық рухта сіңіреді
Тәрбие сағатының тәрбиелілік мәні: Оқушыларымызға рухани жаңғырудың табысты ел болуымыздың
кепілі екендігін сонымен қатар, бізге яғни жас ұрпаққа арналған жарқын жол, саналы азамат, еліне жеріне деген сезіммен мейірімділікке рухани бағытқа тәрбиелеу
Мұғалім сөзі: Рухани жаңғыру болашаққа бағдар екендігін оқушыларымызға түсіндіре отырып, сынып оқушыларымен үш топпен бүгінгі Республика көлемінде жүріп жатқан «Рухани
жаңғыру» аясындағы ашық тәрбие сағатымызды өзіміздің «Ән ұраны» мен бастаймыз
Сынып оқушыларымен
1.топ «Болашаққа бағдар»
2.топ «Қазақ халқының мәдени құндылығы»
3.топ атауы «Рухани жаңғыру»
Сабағымызды бастаймыз.
Енді біз топ атауларына байланысты әрбір топқа тапсырмалар беріледі.оқушылар шаттық шеңберін құрып ,бір-біріне
сәттілік тілей отырып сабақты бастаймыз.
Ұйымдастыру
1.Топ ережелерімен таныстыру
2.әрбір топ төрт жол өлең құрастыру
3.Әр топ өзара сыр сұхбат ЭКСПО ға саяхат
4.Төмендегі тақырыптар бойынша әрбір топ өздеріне берілген тапсырмаларын постермен қорғау
1. «Рухани жаңғыру дәуір талабына сай жаңғыру»
2. «Рухани жаңғыру әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу»
3. «Рухани жаңғыру білімді ұрпақ болуымыздың кепілі»
Мұғалім сөзі:
Құрметті оқушылар, еліміз жаңа тарихи кезеңге аяқ басып келеміз. Нәтижесі де жоқ емес, мұның айқын куәсі өздеріңіз жаздай тамашалаған әлем елдері келіп қатысқан ЭКСПО көрмесі деуге болады.Сонымен қатар еліміз өркендеп дамуы үшін біздің санамыз ісімізден озық жүруі ,яғни одан бұрын жаңғырып отыруы тиіс. Біздің мақсатымыз айқын, бағытымыз белгілі ол –әлем еліндегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу. Оның дәлелі ретінде айта кететін болсақ : ол біздің жаңартылған білімі негізі болып отыр.
ХХІ ғасырдағы ұлттық сана туралы күллі жер жүзі біздің көз алдымызда өзгеруде. Ал ұлттық құндылықтарымызға
келер болсақ халқымыздың тағылымы мол тарихы мен жалғасып келе жатқан арқауы үзілмеген ұлттық салт-дәстүрлеріміз алдағы өркендеудің берік діңі екенін, әрбір қадамын нық басуын, болашаққа сеніммен бет алуы арқасындағы еліміздің жеткен жетістіктері ұшан теңіз екендігін бәріміз білеміз.
Мұғалім сөзі:
Ал құрметті оқушылар мен «Бәсекеге қабілет», «Прагматизм», «Ұлттық бірегейлікті сақтау», «Білімнің салтанат құруы», «Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы», «Сананың ашықтығы»
біздің рухани жаңғыруымыздың ең басты кепілі екенін бәріміз білеміз.
1. Бәсекеге қабілет-жеке адам ғана емес тұтас халықтың өз бәсекелестік қабілетін арттырса ғана табысқа жетеміз
2. Прагматизм Өзіңнің ұлттық және жеке байлығыңды нақты білу және оны үнемді пайдалану,болашағыңды жоспарлай білу, ысырапшылдық пен пенделікке жол бермеу
3.Ұлттық жаңғырудеген-ұғым ұлттық сананың кемелденуі бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуы деген сөз
4.Қазіргі таңдағы бізге ең керегі білімді көзі ашық-көкірегі ояу болуы біздің қанымызда бар қасиет екендігін табысты болу үшін , ең басты фактор білім екенін терең түсініп, Елбасымыздың салиқалы жаңғыру жобасын білім жүйесінде мағыналы саналы түрде өркендету біздің болашақ ұрпақтарымыздың қолында
5. Қазақстанның революциялық емес эволюциялық дамуы еліміздің белгілі «Рухани жаңғыруы» болып отыр
6. Сананың ашықтығы –бұл біз тәрбиелеп отырған оқушыларымыздың жаңартылған білім мазмұны бойынша терең де сапалы, салиқалы білім, үштілділік заманауи бағыт екенін түсіну және рухани жаңғыру екендігіне қосқан үлесі
Міне балалар біз «Рухани жаңғыру болашақтың жарқын жолы» атты сынып сағатымызда біз өзімізге біраз мәліметтер ала отырып сендердің білім мен тәрбиеге қосқан үлестеріңді саралайтын боламыз.
Тапсырма:
Осы тапсырмалар арқылы әрбір топ өз жұмыстарын қорғап қорытындылайды. Міне бүгін құрметті оқушылар біздің сыныбымызбен бірге өткізіп отырған «Рухани жаңғыр болашақтың жарқын жолы» тақырыбындағы тәрбие
сағатымыз өз мәресіне жетті.Қазір біз әйгілі музарт тобының орындауындағы «Қазақтай ел қайда» әнімен тәрбие
сағатымызды аяқтаймыз. Құрметті оқушылар сіздер бүгінгі тәрбие сағатының аясында өздерің не білдіңдер, жаңартылған білім мазмұны, рухани жаңғыру, еліміздің мәдениеті жайлы әрбір топ кері байланыс жасап ойларыңызды ортаға салыңыздар.
Кері байланыс.