Текст
27-қараша күні мектебімізде буккросинг бұрышы өз жұмысын бастайды. Буккросинг (ағылшын тілінен аударғанда «кітаптың айналыста жүруі» -«өзің оқысаң, өзгеге табыс ет» қағидасына негізделген хобби мен адам мен кітап арасындағы байланысты жақындататын, кітап оқуға шақыратын қоғамдық қозғалыстардың бірі. Буккросингтің ережесі бойынша, кез-келген адам өзі оқып бітірген бір кітабын қоғамдық көпшілік орындарда (саябақ, кафе, кітапхана және т.б.) қойып кете алады, кейін бұл кітапты тауып алған басқа адам оқиды, оқып болған соң, ол да сол кітапты орнына тастап кетеді, дәл осылай ол кітапты басқа оқырман оқи алады. Бұл қоғамдық қозғалысқа қатысушыларды- “буккросерлар” деп атайды.