Текст
15 желтоқсан күні Шортанды аудандық Мәдениет үінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» атты мерекелік концерт өтті. Іс-шара барысында Шортанды ауданының әкімі Сәдуақасова Г.А. аудан тұрғындары мен қонақтарын ҚР Тәуелсіздік күнімен құттықтап, Шортанды ауданының
әлеуметтік – экономикалық дамуына лайықты үлес қосқан азаматтарды алғыс хатпен марапаттады. Атап айтар болсақ, мектебіміздің ардагер ұстазы Ергалиева Амина Калихановна ҚР Білім және ғылым министрлігінің "Құрмет грамотасымен" және география пəні мұғалімі Өнерхан Айнұр ҚР Білім және ғылым министрлігінің "Алғыс хатымен" марарапатталды.