«Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі Шортанды кентінің №3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная школа №3 поселка Шортанды отдела образования по Шортандинскому району управления образования Акмолинской области»

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жас мамандар сайысы

23.02.2018

Мектебімізде 14-21 ақпан аралығында жас мамандар арасында жас мамандар бірлестігінің жетекшісі Рахат Баршагулдің жетекшілігімен сайыс ұйымдастырылған болатын. Аталған сайыста келесідегідей жас ұстаздар бақтарын сынақтады. Атап айтар болсақ; бастауыш сынып мұғалімі-Молдан Құндыз, тәлімгері Сейсекеқызы Күмісхан, бастауыш сынып мұғалімі Шалдыкова Жанат, тәлімгері Хавдолда Ханат, дене шынықтыру пәні мұғалімі Зайтхан Қажығали, тәлімгері Зайтхан Нұрғали және денешынықтыру пәні мұғалімі Кусаинов Оразалы, тәлімгері Асабей Еокебұлан. Сайыс ережелеріне сай алғашқы кезеңде ұстаздар ашық сабақтар, сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырып өз шеберліктерін көрсетті. Ал, осы сайыстың қорытынды жабылу кеші мектеп акт залында «Жұлдызды жас маман» сайысымен жалғасын тапты. Қорытынды кезеңде қатысушылар өз тәлімгерлерімен бірге берілген әр кезеңдер бойынша сайысты. Аталмыш сайыстың барлық ережелерінен сүрінбей өткен жас маман Шалдыкова Жанат бас жүлдеге лайық деп танылды. І жүлделі орын Кусаинов Оразалы, ІІ орын Зайтхан Қажығали, ІІІ орынды Молдан Құндыз иеленді. Барлық қатысушылар мектеп ұжымы тарапынан дайындалған бағалы сыйлықтармен марапатталды. Мектеп директоры Анесий Азамат жас мамандарға сәттілік тілеп, тәлімгерлерге алғысын білдірді.

Просмотров: 526


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст