Мектебімізде үлкен қуанышты да мәртебелі сәт орын алды!
11.10.2026
Мектебімізде үлкен қуанышты да мәртебелі сәт орын алды! Мектеп ұжымын алға сүйреп, оқу-тәрбие үдерісін шебер басқарып келе жатқан білікті басшыларымызды алған жоғары марапаттарымен ұжым болып, әріптестер болып салтанатты түрде құттықтадық!
Білім саласын дамытуға қосқан зор үлестері мен адал еңбектері үшін:
Анесий Азамат (Мектеп директоры) – «Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен;
Рашатхан Айнагүл (Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары) – Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды!Бұл марапаттар – тынымсыз ізденіс пен табанды еңбектің, мектептің оқу-тәрбие үдерісін нәтижелі жүргізіп, еңбек адамының мәртебесін көтерудегі қажырлы еңбектің лайықты бағасы!
Әріптестерімізді шын жүректен құттықтай отырып, білім ошағымызды жаңа биіктерге бастау жолында сарқылмас күш-қуат, мықты денсаулық және отбасыларына амандық тілейміз! Еңбектеріңіз жана берсін!
Мәртебелі марапаттарыңыз құтты болсын!
Просмотров: 19