«АЛТЫН САҚА» БАЙҚАУЫНЫҢ МЕКТЕПІШІЛІК КЕЗЕҢІ ӨТТІ

02.10.2026
«АЛТЫН САҚА» БАЙҚАУЫНЫҢ МЕКТЕПІШІЛІК КЕЗЕҢІ ӨТТІ
Мектебімізде 3–4 сынып оқушылары арасында математика пәнінен «Алтын сақа» байқауының мектепішілік кезеңі ұйымдастырылып, жоғары деңгейде өтті.
Байқаудың негізгі мақсаты – оқушылардың математика пәніне деген қызығушылығын арттыру, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, математикалық сауаттылығын жетілдіру және білімдерін сындарлы тапсырмалар арқылы тексеру.
Сайыс барысында оқушылар логикалық есептер, математикалық тапсырмалар мен ойлау қабілетін қажет ететін түрлі сұрақтарды орындап, өз білімдері мен шапшаңдықтарын көрсетті.
Қатысушылар тапсырмаларды қызығушылықпен орындап, өзара бәсекелестік жағдайында білімдерін сынады. Байқау оқушылардың пәнге деген ынтасын арттырып, ізденуге және өз мүмкіндіктерін көрсетуге мүмкіндік берді.
Барлық қатысушыларға белсенділіктері үшін алғыс білдіреміз!
Жас математиктерімізге алдағы білім додаларында сәттілік пен жеңіс тілейміз!
Просмотров: 18


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу