Есірткінің алдын алу және салауатты өмір салтын насихаттау
28.09.2026
Шортанды ауданында жастар арасында есірткінің алдын алу және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен сапалы әрі тартысты пікірсайыс өтті.
Сайыс барысында қатысушылар «Жастар арасында есірткі қолданудың алдын алуға бола ма?» тақырыбында өз ойларын ортаға салып, пікірлерін нақты дәлелдермен қорғап шықты. Жастарымыз өзара пікір алмасып, сыни ойлау, шешендік өнер мен өз ұстанымын айқындау қабілеттерін жоғары деңгейде көрсетті.
Сайыс нәтижесі бойынша:
«Үздік спикер» номинациясымен — Беркімбай Мейірім марапатталды!
Белсене қатысқан қалған қатысушыларға Алғыс хаттар табысталды.
Оқушыларға бағыт-бағдар беріп, дайындаған жетекшісі Тохтамурат Ермекболға арнайы Алғыс хат беріліп, ризашылық білдірілді.
Іс-шараның басты мақсаты – жастарға есірткінің зияны туралы түсінік қалыптастыру, салауатты өмір салтын насихаттау және қоғамдық мәселелерге белсенді көзқарас ұялату.
Салауатты ұрпақ – жарқын болашақтың кепілі!
Просмотров: 17