«Маманлдық таңдау» сыр сұхбат сыныбы:9 «а» «б» күні:03.05.17.
Мақсаты: оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыта отырып, болашақ мамандыққа байланысты ұғымдарын тереңдетіп, қызығушылықтарын арттыру. Жұмыстың мазмұнымен, мағынасымен айрықшаланатын мамандық әлемінң түрлілігі туралы түсінік қалыптастыру. Оқушылардың бойына жақсы қасиеттерді сіңіру, мамандық таңда білуге, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Көрнекілік: мамандық туралы суреттер, мамандық аттары жазылған карточка, слайд көрсету.
Жоспары:
1. Кіріспе. Сұрақ – жауап.
2. Оқушылар эссе жазу.
3. «Менің ата-анамның мамандығы» (оқушылар шығармашылығы)
4. Ойын: «Кім жылдам?»
5. Ойын: «Қай мамандық иесі?»
Барысы:
1.Үйымдастыру кезеңі. «Әдептілік белгісі, иіліп сәлем бергенің»
Мұғалім: Балалар, бүгін біз мамандық туралы әңгімелесеміз. Айтыңдаршы, маман дегеніміз не? Белгілі бір мамандық иесі болу үшін не істеу керек? - Ендеше әрқайсымыз өз қалаған мамандығымызды айтайық. 1 – оқушы: Мамандық дегеніміз – адамның еңбек қызметінің түрі. Мамандық таңдау да мектеп қабырғасынан басталады. Сондықтан бүгін өзіміз қалаған мамандық туралы өз ойымызды айтамыз.
Әсемпаз болма өрнеге
Өнерпаз болсаң арқалан
Сен де бір кірпіш дүниеге
Кетігін тапта бар қалан,- деп өмірден өз орнын тауып, елімізге қажетті кәсіп иесі болу бәріміздің арманымыз. Біздің таңдауымыз да әртүрлі. Біреуің ертең ақын, екіншің инженер, үшіншің құрылысшы боласың. Жаман мамандық жоқ. Мамандықтың бәрі жақсы.-Ал, балалар, кім мамандық пен еңбек туралы мақал – мәтелдер біледі?
*Еңбек түбі - береке.
*Еңбек түбі - зейнет.
*Ерінбей еңбек етсең – ерінің асқа тиеді,
Ерініп ілбіп кетсең – иегің тасқа тиеді.
*Біліп істеген мақсатына тез жетеді.
*Еңбегі аздың өнбегі аз.
*Ұстаның бізі сүйкімді,
Жақсының сөзі сүйкімді.
*Ұстаның өрісі көрігінен төсіне дейін.
*Алтын менен күмісті
Зергер үшін жаратқан.
Арқар менен құлжаны
Мерген үшін жаратқан.
*Шебердің инесі де алтын,
Соққан күймесі де алтын.
Шеберді саусағы асырайды.
Еріншектің ертеңі бітпес.
2.«Автор орындығы».
«Менің жанұямның мамандығы» атты оқушылардың дайындап келген шығармаларын тыңдалады.
1-оқушы:Мамандық таңдау жолы. Баланың мектептегі және қоғамдық пайдалы іс-әрекеті оның кейін әлеуметтенуінде өте үлкен мәнге ие. Мамандық таңдауына, рухани құндылықтарға араласуға,мінезінің қалыптасуына әсер етеді. Бұған мыналарды жатқызуға болады: жас жеткіншектердің қазіргі нарықтық қатынасқа кіруі, өзінің өмірлік позициясының қорғай алуы, қоғамдық өмір туралы экономикалық және саяси білім алу, құқықтық мәдениетті дамтыу. Мамандық таңдаудың әдіс-тәсілдерін оқушы өзі таңдай білу шарт.
2-оқушы:Бірініші әдісі- сынақ және қателік, адам нағыз қажетті мамандықты таппайынша адаса жүріп әр түрлі
салаларда жұмыс істеуіне болады, бұл оған жақсы өмір сыйлаумен қатар, еңбектің қуанышын сыйлайды.Бұған адама өмірінің жартысы кетуі мүмкін. Екінші әдіс- қандай мамандық таңдаса ада, әрбір адамға қажетті өзін-өзі тану, өзінің
қызығушылығын, қабілетін ойын, есте сақтауын, қабылдауын, жүйке жүйесінің қалыбын білу. Өзің туралы білген соң, мамандық әлеміне танысуға, сол мамандықтағы өз мүмкіншілігін білуі қажет. Тағы бір үшінші жол бар. Ол-өзінің ата-анаңның, атаңның немес бабаларының мамандығын таңдау.Мұндай жағдайда егер отбасында мамандықтың ұрпақтан-ұрпаққа берілу дәстүрі болғанда таңдауға болады.Бірақ ең бастысы-адаманың өз мамандығына деген қарым-қатынасы, өз ісіне деген сүйіспеншіліктен туындамақ. Болашақ мамандық таңдау кезінде үлкендердің көмектескеніне қарамастан, соңғы шешімді баланың өзі қабылдайды және одан арғы жауапкершілікті де өз мойынына алады.
3.Мұғалім сөзі: Ал,қазір мен сіздерді мамандық таңдау бойынша оқушыларға арналған жадынамамен таныстырып шығайын: Жадынама: Мамандық таңдау – маңызды және жауапкершілікті талап ететін жұмыс! Мамандық таңдауда ең бірінші орында қызығушылық пен қабілетіңе, арман – тілектеріңе назар аудару керек, тек содан кейін ғана отбасының салт- дәстүрлеріне, отбасының қызығушылығын ескеріңіздер.
1. Өз қалауыңызбен таңдалған мамандықтың пайдасы мен кері әсерлерін отбасы мүшелерімен бірлесіп шешуге тырысыңыз!
2. Болашақ мамандықты таңдау кезінде, материалды жағынан пайдасы мол мамандықтарды ғана емес, сонымен қатар моральдық сезімдеріңізді қанағаттандыратын мамандықтарды да қарастыруға тырысыңыз! 3.Болашақ мамандықты таңдау кезінде, таңдалған кәсіпке тұлғалық қасиеттеріңнің сәйкес келу, келмеуін де ескере отырыңыз!
4. Егер мамандық таңдау барысында қарама-қайшылық туындап жатса, психологпен кеңесу мүмкіндіктерін пайдаланыңыз.
5.Өзі қалаған мамандығы бойынша жұмыс істеу адамға зор ләззат береді, оның нәтижесі де мол болмақшы!”
6. Естеріңізде болсын! Балалар ата – ананың таңдаған мамандықтарын салт – дәстүр ретінде жалғастыруға жақын тұрады.
4.
Анкеталық сұрақтар.
1.Сен болашақ мамандығыңды таңдадың ба?
2.Қандай мамандық таңдайсың?
3. Таңдаған мамандығың жөнінде не білесің?
4.Мамандығыңның өзіндік ерекшілігі?
5.Бұл заман талабына сай ма?
6.Бұл мамандығының еңбек нарығында қажеттілігі.
7. Мамандықты қай оқу орнынан аласың?
Қорытынды.
Дөңгелек үстелге қатысушылар өздерінің пікірлерін, ұсыныстарын айтып, қорытынды шығарды.
Біздің болашағымыз тәрбиелі саналы ұрпақ.Олай болса құрметті мамандық иелері сіздер мамандық таңдау –маңызды іс атты сыр сұхбатымыздан көптеген ой түйіп өздеріне деген әсерлерін алды деп ойлаймын.
Өмірде мамандық таңдау өте жауапкершілікті талап ететін болашақ армандарынды орындауға мақсатыңа жетуге жаңа өмір жаңа қадам басуға бірден –бір маңызды шешім екенін бәрлеріңіз түсініп отырсыздар.Олай болсса сәтілік болсын серіктерің.