Тәрбие сағатының тақырыбы:“Қадірлі бағасы алтын Ана
тілім!”
Мақсаты:
Ана тілін терең меңгеруге құштарлықтарын ояту;
Ана тілінің кең қанат жаюына үлес қосуға, мақтан тұтуға тәрбиелеу.
көрнекілігі: слайдтар, плакатқа жазылған ұлағатты сөздер, шар, компьютер, презентация, ақын жазушылар портреті.
Айзада: Құрметтідостар, ұстаздар!
Сіздерді Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер мерекесімен құттықтаймын. Бүгінгі “Қадірлі бағасы алтын Ана тілім!”атты тілдер мерекесіне орай мәнерлеп оқу сайысын бастауға рұқсат етіңіздер! Мерекелеріңіз құтты болсын. Ортаға мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Рашатхан Айнагүл мұғалімді шақырамыз.
Тілім менің - болашақтың бастауы,
Тілім менің - жүрегімнің қалауы.
Тіл дегенің асыл дүние ардағым,
Тек бағалай білсең ғана болғаны.
Нұрай:
Қыркүйектің 22-сі Қазақстан Республикасы халықтарының тілдері күні болып жариялануы аса маңызды әлеуметтік қадам.Ол ең алдымен тілге, сол арқылы жасалатын мәдениет пен өнерге деген қоғам мен мемлекет тарапынан көрсетілуі тиіс ілтипаттың бір өнегесі.
1) Ендеше тілдер мерекесіне өз үлесін қосуға алғаш мектебіміздің табалдырығын аттаған 1- сынып оқушыларына сөз берейік.(1«а»,1«ә»)
Айсулу:
Тәуелсіз еліміздің қоғамдық өмірінде өзгеше орын алған бұл ұлт тілдеріне құрмет көрсетілетін мейрам. Адамның жас күнінен ата-анасына айналасындағы ересектерге басында еліктеу арқылы үйреніп, кейін табиғи түрде бірте-бірте еселене отырып, қоғамдық тұрмыста өзгелермен өмір бойы ұғынысатын негізгі қатынас құралы, туған халқының тілі-ана тілі.
Ортада 2-сынып оқушыларының тартуын қабыл алыңыздар. (2 «а»,2 «ә»,2 «б»)
Дариға: Көп рахмет балалар Өнерлерің үстем болсын.
Ана тілі халықтың жазуы жоқ кітабы, мектебі жоқта ұстазы болған.Ана тілі халық өсіп, өркендесе дамиды да, халық жоғалса құриды.
Құрметті оқушылар біз ардайым тілге құрмет етуіміз керек Ендеше Тіл тірегіміз соғып тұрған жүрегіміз деп ұрандатып жүрген 3- сынып оқушыларының өнерін тамашалайық. (3 «а»,3«б»)
Дариға: 3- сынып оқушыларына
ду қол шапалық,рахмет балалар
Тілім менің-өмірдегі ырысым,
Тілім менің-қазба байлық мырышым.
Тілім менің-ол қатынас құралым,
Тілім менің- ол сарқылмас бұлағым.
Алдарыңызда 4- сынып оқушылары тек қазақ тілімен шектелмей орыс тілі, ағылшын тілінде өнерлерін көрсетіп, алған
білімдерімен бөліспек. (4 «а»,4 «б»),
Айсулу: Құрметті оқушылар, тілдер апталығының жоспарымен таныс болып әр күн сайын өтетін сайыстар мен сабақтарға белсенді атсалысыңыздар. Өнерлеріңіз үстем болып, әрдайым биіктен көрінулеріңізге тілектеспін. Сау болыңыздар (бірге)
Әділқазылар алқасы:
Тәрбие ісінің меңгерушісі: Ц.Мамбет
Бастауыш сынып мұғалімі: Е.Тохтамұрат
Мектеп кітапханашысы: Г.Д.Кизаева
Мәнерлепоқудыбағалаукритерийлері
№ |
критерийлері
|
бағасы |
1 |
Тақырыптың сай болуы |
5 балл |
2 |
Тақырыпты аша білуі |
5 балл |
3 |
Өзін-өзі ұстауы |
5 балл |
4 |
Өлеңді нақышына келтіріп оқуы |
5 балл |
5 |
Өлеңді қатесіз оқуы |
5 балл |
Бағалау шкаласы:
0-1 сыныптар, 2-сыныптар, 3-сыныптар, 4 сыныптар.
Жұмысты қорғау уақыты: 5 минут
Марапаттау кезеңі. Марапаттау сөз кезегі әділ-қазы алқасына беріледі.
Тәрбие сағатынан көрініс